A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • «Нұр Отанның» Алматыдағы сайлауалды платформасының мақсатты индикаторлары барлық бағыт бойынша толық іске асырылды
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Целевые индикаторы по всем направлениям Предвыборной платформы «Нұр Отана» в Алматы достигнуты в полном объеме
«Нұр Отанның» Алматыдағы сайлауалды платформасының мақсатты индикаторлары барлық бағыт бойынша толық іске асырылды

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының XV есеп беру-сайлау конференциясы өтті.

Алматы әкімі, партияның қалалық филиалы төрағасы Ахметжан Есімов Елбасының “Нұрлы жол - болашаққа бастар жол” атты Қазақстан халқына жолдауында ел дамуының негізгі жеті бағытын атап көрсеткенін тілге тиек етті. Шаһар басшысы «Нұр Отанның» барлық ресурстарын мемлекеттік маңызы зор бағдарламалардың орындалуына, мемлекеттік органдар жұмысының орындалуын қадағалауды күшейтуге, қоғам мен партия, мемлекет арасындағы кері байланыстың күшеюіне бағыттау қажет екенін айтты. Жолдау мен партия Платформасы негізінде мемлекеттік органдар атқарып жатқан жұмысқа қала Мәслихатының депутаттық фракциясы бақылауды күшейтуі маңызды болады.

«Біздің мемлекет, жаһандық экономиканың бір бөлшегі ретінде, барлық геосаяси ұдерістердің негативті ықпалын сезінуде, нәтижесінде әлемдік нарықтағы бағалар құлдырауда және экономикалық өсім баяулап отыр. Соған қарамастан, ел экономикасының жағдайы артуда, халықтың дәулеті жақсаруда. Партияның Алматыдағы сайлауалды платформасының мақсатты индикаторлары, есеп беру кезеңінде, барлық бағыт бойынша толық іске асырылды», - деді Ахметжан Есімов.

Ағымдағы жылдың басынан бері өнеркәсіп тауарларын шығару көлемі 526 млрд. теңгені, ал құрылыста - 221 млрд. теңгені құрап, 2013 жылғы көрсеткішке қарағанда 102,5% және 121,1% өскен. Жыл басынан бері 1 млн. 57 мың шаршы метр баспана тұрғызылды, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда анағұрлым жоғары. Жалпы, жыл соңына дейін 1 млн. 300 мың шаршы метр баспана салынатын болады. Бұл қала тарихындағы ең жақсы көрсеткіш.

Одан өзге, Ахметжан Есімов партияның қалалық филиалы өзінің негізгі жұмысын жүйелі мәселелердің шешіміне, сондай-ақ, әлеуетін, ресурстарын дамытып, дағдарыс салдарынан туындайтын кері әсерді барынша болдырмау мақсатында және әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсаруы бағытында белсенді жұмыс атқаруы қажет екенін атап өтті.

Конференция соңында қалалық филиалдың Саяси кеңесі, Саяси кеңесі бюросы және Бақылау-тексеру комиссиясы мүшелері таңдалды.

26.11.2014