A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматының өңірлік стартап хабқа айналуға толық мүмкіндігі бар

Бүгін Алматыда қаланың Іскерлік кеңесінің отырысы өтті, оның жұмысына қала әкімі Бауыржан Байбек пен ҚР Иинвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев қатысты. Шара барысында әлемдік қаржы дағдарысы кезіндегі Алматының әлеуеті мен мүмкіндіктері қаралды.

«Алматымен көп жобалар тығыз байланысты - Алматының үлкен айналмалы көлік жолы (БАКАД), халықаралық авиациялық хаб, туристік жобалар, «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру, осы бағдарлама аясында келер жылы Алматы мен Астана арасында «Солтүстік-Оңтүстік» жобасының құрылысы басталады. Сонымен қатар, индустриалды аймақ пен инновациялық кластерді дамыту. Барлық осы жобалар бойынша әкімдікпен бірігіп жұмыс істейтін боламыз. Қаланың өңірлік стартап хабқа айналар мүмкіндігі жоғары», - деді ҚР Иинвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев.

«Бүгінгі күні шикізат нарығында қалыптасқан күрделі жағдайға, әлемдік және өңірлік экономиканың бәсеңдеуіне қарамастан Алматының даму динамикасы тұрақты. Ең бастысы, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, өркендеуіміздің негізгі шарты - әлеуметтік саладағы тұрақтылық. Нақтылы сектор салалары, қызмет көрсету, экономикаға несие бөлу, инвестиция тарту нәтижелі дамуда. Инфляция белгілі бір деңгейде тұр», - деді Бауыржан Байбек.

Бұдан өзге әкім қалада еңбекпен қамтуда, бизнесті қолдауда, инвестиция тартуда, бюджеттің ішкі мүмкіндіктерін ашуда, шығындарды азайтуда нақтылы шаралардың жүзеге асқандығын айтты. Жұмыспен қамту мен салық түсімінің тиімділігін арттыруға ерекше көңіл бөлінген. Инфляция процесстерін тежеу мен бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуге жете назар аударылған. Әкім экономиканы қалыптастыруда кіші және орта бизнестің маңызын атап өтті.

«Ағымдағы қиындықтардан шығудың мүмкіндіктері бар, мұны бизнес те түсінеді. Қазіргі күрделі жағдайларға қарамастан Алматы дамыған замануи қалаға айналып, өзінің болашағын шикізатсыз, терең ғылымға негізделген экономикамен, сапалы қызмет көрсетумен, дамыған өңдеу өнеркәсібімен, туризммен және жалпы сервиспен байланыстырады. Мұнда басты рөл кәсіпкерлерге жүктеледі», - деп атап өтті қала басшысы.

Алматыда 2014 жылы ІӨӨ-де кіші және орта бизнестің үлес салмағы 30%-ды, ал салық жинауда 70%-ды құрады. Әкім атап өткендей, кіші кәсіпорындар нарық өзгерісіне тез бейімделіп, жаңа жұмыс орындарын ашуда. Осыған орай, Б.Байбек қала экономикасында кіші және орта бизнестің жетекші күш екенін айта келіп, индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдаудың күшейетіндігін жеткізді. Инвестициялық белсенділікті арттыру мақсатында әлеуетті шетелдік инвесторларды іздестіру жұмыстары жандандырылды және жетекші қаржы институттарымен жүргізілген жұмыстар одан әрі жалғасуда. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде, соның аясында қалаға қосылған аймақтарда әлеуметтік қалалық жобалар жүзеге асатын болады.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жиі қайталайтын мемлекет пен бизнес тек экономикалық қана емес, сонымен қатар әлеуметтік мәселелерді шешуде ортақ серіктес болулары тиіс. Кедергілерді жою, барлық кәсіпкерлік құрылымдармен жұмысты жандандыру, бизнесті қолдау - біздің негізгі міндетіміз. Ал, Іскерлік кеңес өзіміздің ағымдағы әрі жүйелі шешімдерімізді қабылдайтын, сонан соң оны жалпы ел деңгейінде жүзеге асыруға жол ашатын маңызды іскерлік алаң», - деді Б.Байбек.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Алматының іргесінде орналасқан «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев пен Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбек екі құжатқа қолдарын қойды. Біріншісі - түрлі салалар бойынша атқарылатын жұмыстардың негізгі бағыттары айқындалған 2015-2016 жылдарға арналған ынтымақтастық туралы Меморандум.

Екіншісі - қала әкімдігі, «Инновациялық технлогиялар паркі» және «Сименс» ЖШС арасында қол қойылған үш жақты құжат. Онда арнайы инновациялық технологиялар паркі аумағында энергияны үнемдеу және оның тиімділігін арттыру орталығын құру қарастырылған.
10.09.2015