A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

В Алматы чествуют команду «Кайрат» - обладателей Кубка Казахстана
Алматыда Қазақстан кубогының иегері «Қайрат» командасын құттықтады

Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов Қазақстан кубогын иеленген және Республика чемпионатында үшінші орын алған «Қайрат» клубының жаттықтырушылары және ойыншыларымен кездесті.

Қала басшысы командаға Чемпионаттың қола медальдарын тапсырып, спортшыларды Алматыдағы кәсіпқой клуб жұмысының жүйелі жолға қою қорытындысы маусымдағы нәтижелі ойындармен құттықтады.

«Біз Сергей Квочкин атындағы балалар академиясын, Тимур Сегізбаев атындағы жасөспірімдер академиясын құрдық. «Қайраттың» негізгі құрамасы үшін базаның құрылысы аяқталуда. Алматыда футбол спорты өріс алып, команданың одан әрі дамуы үшін барлық жағдай жасап отырмыз», - деді А.Есімов.

Сондай-ақ, әкім Алматы соңғы жылдары ірі спорт додаларының, соның ішінде футболдың да орталығына айналғанын атап өтті. Үстіміздегі жылдың өзінде клубтың 60-жылдығына орай аты аңызға айналған «Қайрат» құрамасы әлем футболы жұлдыздарының құрамасымен кездесті. Матчқа Әлем кубогы, Чемпиондар лигасы кубогының иегерлері, Әлем және Еуропаның үздік футболшысы атанған ардагерлер қатысты. Сонымен қатар қала күніне орай «Қайрат» ардагерлері мен Испания құрамасы жолдастық матч өткізді.

24.11.2014