A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыда білім саласына 54,5 млрд. теңге бөлінді

Алматыда биыл білім саласына 54,5 млрд. теңге бөлінді. Бұл туралы бүгін білім қызметкерлерінің тамыз кеңесінде мегаполис басшысы Бауыржан Байбек айтты.

«Биыл білім саласына құрылысты есептемегенде 54,5 млрд. теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен слыстырғанда 11%-ға көп. Оның 2 млрд. теңгесі оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды алуға жұмсалатын болады. Маған хабарлағандай, балалар оқулықтармен 100 пайыз қамтамасыз етілген», - деді Б.Байбек.

Бұдан өзге, М. Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназия орта білімді үздік ұйымдастырғаны үшін байқауында 17 091 000 теңге грантты жеңіп алды. Аталған байқау Үкіметтің бекітілген қаулысына сай ұйымдастырылды. Қаржы мектеп-гимназияны материалдық-техникалық жабдықтауға жұмсалмақ.

Сондай-ақ, «Ұстаз» кәсіподағының қаржысына білім саласының 32 ардагер ұстазына «Алматы» шипажайына жолдама берілді.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдағы тамыз кеңесіне Алматы әкімі Бауыржан Байбек, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев, қала қызметтерінің, оқу орындарының басшылары, білім басқармасының қызметкерлері, педагогтар мен білім ұйымдарының өкілдері қатысты.

21.08.2015