A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

В Алматы подвели итоги работы ДВД за 2014 год
Алматыда ІІД-нің 2014 жылы атқарған жұмысының қорытындысы шығарылды

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Алматы қаласының Ішкі Істер Департаменті қылмысқа қарсы күрес пен құқықты тәртіпті нығайтуда нақтылы нәтижелерге қол жеткізді. Бұл туралы бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтың қатысуымен өткен ІІД-нің жұмысын қорытындылаған алқалы жиында айтылды.

Өткен жылы қаланың полиция қызметкерлері қарақшылық жасау, тонау, жеке мүлікті ұрлау сияқты қылмысты істермен айналысып келген 335 топтың алдын алды. Осыған ұқсас қылмыстар жасаған ұйымдасқан қылмысты топтың 25 мүшесі жауапқа тартылды. Адам өлтіру, адам ұрлау, бопсалау, тонау, жеке мүлікті ұрлау сияқты қылмыс түрлері біршама азайды. Полицияның патрульді топтарының бағыттары оңтайландырылды. Кейбір қылмыс түрлері барынша азайды, мысалы, адам ұрлау 4,7 есеге, қарақшылық жасау 37,4%-ға, бопсалау 28,9%-ға, зорлау 23%-ға, кісі өлтіру 17%-ға, тонау 11,2%-ға, бұзақылық жасау 8,4%-ға төмендеді.

«Учаскелік инспекторлар институтын» құрутТүрлі қылмыстың алдын алудың, жалпы қылмыс атаулыны болдырмаудың негізгі көзіне айналды. Осының арқасында өткен жылы Департаменттегі учаскелік инпекторлар саны 123 бірлікке ұлғайды. Ал, қазір олардың штаттық саны - 604 бірлік. Әкім айтып өткендей, тәртіпті сақтау, қылмысты болдырмау үшін қосымша ресурстарды да іске қосу қажет.

«Ел Президенті айтқандай, біздің азаматтарымыздың титтей де қылмысқа төзбеушілігін қалыптастырған жөн. Қылмыстың алдын алу мен оны ашуға қатардағы азаматтарды кеңінен тартыңыздар. Ондай жандарды ынталандыру, қорғау және оларға сенім арту қажет», - деді Ахметжан Есімов.

Алматыда 2014 жылы қоғамдық тәртіпті сақтаға белсене қатысқан 1396 азамат 18 млн. теңге көлеміндегі сыйақымен марапатталды. Бұл үрдіс одан әрі жалғасын табады деді қала басшысы.

Мегаполис басшысы 2015 жылы да құқық қорғау құрылымдарының жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында олардың материалдық-техникалық базасы одан әрі нығайып, заманауи құралдармен, техникамен қамтамасыз етіледі. Мысалы, биыл департаментке қосымша 95 автокөлік бөлінетін болады. Қысқарту тенденциясы орын алғанымен, ІІД-нің бюджеті ұлғайып, 19,3 млрд. теңгені құрайды.

«Қала әкімдігі қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қалыптастыру, заңдылықты нығайту және азаматтардың конституциялық құқығын сақтау сияқты аса маңызды мәселелерге ерекше назар аударады. Осының арқасында қала өмірі жақсарып, сапасы артатын болады. Алматының әлемнің бірден-бір қауіпсіз қаласы атануына қол жеткізуге тиіспіз», - деп қорытындылады өзінің сөзін қала әкімі.

21.01.2015