A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

В Алматы уточнили бюджет на 2015 год
Алматыда 2015 жылдың бюджеті анықталды

Бүгін Алматыда 2015 жыл бюджетінің көлемі анықталды, ол 434 млрд. 497 млн. 412,3 мың теңгені құрайды. Қаланың бюджеттік шығындарды алып тастағандағы нақтылы бюджеті - 350 млрд. 841 млн. теңге. Бұл жөнінде қала әкімі Ахметжан Есімовтың қатысуымен өткен V шақырылымдағы мәслихаттың кезектен тыс XXXV сессиясында белгілі болды.

Алматы әкімі мегаполисте өткен жылы барлық көрсеткіштері бойынша оң динамика қалыптасқандығын атап өтті. Дегенмен, әлемде орын алып отырған экономикалық жағдайға орай Алматыда «2015-2017 жылдардың Дағдарысқа қарсы жоспары» бекітілді.

«Өткен жыл ойдағыдай өтті. Ал, биыл жоғарыда аталған себептерге байланысты бюджет қысқаруы мүмкін. Біз қазіргі кезде жалпы сомасы 3,3 млрд. теңгенің оңтайландыру жұмыстарын жүргіздік. Жергілікті бюджетті толықтыратын резервтер де бар. Олар «Дағдарысқа қарсы жоспарда» нақтылы көрсетілген. Біздің міндетіміз оны толығымен жүзеге асыру», - деді Ахметжан Есімов.

Қаланы басқару схемасын бекіту туралы мәселені қарау барысында Үкіметтің 2014 жылдың 29 желтоқсанындағы №1397 қаулысына сәйкес Алматының жергілікті атқару органының базалық құрылымына 3 басқарма қосылды, олар - Мемлекеттік сәулет - құрылыс бақылау басқармасы, Жерді пайдалануды бақылау басқармасы және Ауыл шаруашылық басқармасы.

«Президент өткен жылдың тамыз айында билікті орталықсыздандыру, бірқатар функциялар мен өкілеттілікті жергілікті органдарға беру туралы міндет қойған болатын. МСҚББ бізде болғанымен, министрлікке бағынатын, енді ол біздің қарауымызға қайтарылды. Жер инспекциясы басқармасы, Ауыл шаруашылығы басқармасы туралы да осыны айтуға болады. Яғни, орталыққа бағынышты болғандар жергілікті атқару органдарының қарамағына қайтарылды», - деді Ахметжан Есімов.

20.01.2015