A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

19 қыркүйек. Алматыда Сүйінбай Аронұлына ескерткіш ашылды

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының алдында халық ақыны Сүйінбай Аронұлының 200 жылдығына орай еңселі ескерткіші бой көтерді.

Тастұғырдың ашылу рәсіміне Алматы әкімі Бауыржан Байбек пен Сенат депутаты, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Нұрлан Оразалин, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, ақындар, жазушылар, ақынның өмірі мен шығармашылығын зерттеген ғалымдар қатысты.

Шара барысында қала әкімі Бауыржан Байбек Сүйінбай Аронұлының поэзиясы мен философиясы тәуелсіздік еліміздің тархиында жарқын көрініс тапқанын айтты. Ақынның мұрасы - ұлттың рухани байлығы мен мәдениеті. Ол өз шығармаларында қазақ халқын тек бірлік пен ынтымаққа шақырып келді.

«Қазақ халқының аса бір дарынды ұлына ескерткіш ашылып отыр. Ата-бабамыздың бай рухани мұрасына бас ие отырып, ақынның бар өмірі мен өлшеусіз дарыны халыққа қызмет еткенін ерекше атап өткім келеді. Біз ұлы ақындарымыз бен композиторларымызды құрмет тұтуға тиіспіз», - деді Алматы әкімі Бауыржан Байбек.

Шара соңы «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрінің концертіне ұласты.

Сүйінбай Аронұлы 1815 жылы Жетісу облысы Верный уезі Ұзынағаш болысында (қазіргі Алматы облысы Жамбыл ауданы Сүйінбай ауылы) дүниеге келген. Ақынның есімі ауылға, мектепке, Алматы облысының филармониясына берілген, оның алдына ақынның бюсті қойылған, ал Талдықорған қаласында ақынға қола ескерткіш орнатылған. Оның есімімен республика қалаларының көшелері аталады. Мысалы, Алматыда әуежайға баратын негізгі даңғылдың бірі Сүйінбай ақын атында.

19.09.2015