A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

В преддверии Дня Первого Президента 408 алматинских семей получили квартиры
Тұңғыш Президент күні қарсаңында 408 алматылық отбасы пәтер алды

Бүгін Алматыда қала тарихында ең ауқымды пәтер кілттерін кезекте тұрғандарға тапсыру шарасы өтті. Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні қарсаңында 408 алматылық отбасы өз тұрғын үйлеріне ие болды. Салтанатты шараға Алматы әкімі Ахметжан Есімов пен ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев қатысты.

Қала басшысы жиналғандарды келе жатқан мерекемен құттықтап, әлеуметтік жағдай мәселесі Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол - Болашаққа бастар жол» жолдауының негізі екенін және мемлекет басшысының саяси бағытының басым бағыттарының біріне айналғанын атап өтті.

«Бұған дейінгі қиын кезең, қоғамдағы толқулар, босап қалған дүкен сөрелері аға буынның есінде. Ал қазір Қазақстан әлемдегі серпінді дамып келе жатқан елдердің бірі, көптеген халықаралық жобалардың бастамашысы. Елде «Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасы әзірленді. Барлық 408 отбасы аталмыш бағдарлама бойынша пәтерге ие болды. Бағдарлама бойынша жеңілдікті шарттар жасалған. Алдымен пәтерлерді әлеуметтік сала мамандары, мүгедектер, жетім балалар алды», - деді Ахметжан Есімов.

Әкім «Қолжетімді баспана» мемлекеттік бағдарламасы аясында Алматыда үстіміздегі жылы 1600 отбасы пәтер алды деп атап өтті.

«Барлығы қала бойынша биыл 1 млн. 300 мың шаршы метр тұрғын үй енгізіледі, 10,5 мың алматылық отбасы жаңа пәтерлерге қоныстанады. Қала тарихында мұндай бұрын болмаған», - деді Ахметжан Есімов.

Өз кезегінде қалаға жұмыс бабымен келген ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев тұрғын үй құрылысы инфрақұрылымын нығайту негізгі бағыттарының бірі болатын Елбасы Жолдауының маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті.

28.11.2014