A   A   A
Аппарат акима
Турксибского района

Государственные символы
Политика
Государственная служба
Экономика
Государственные закупки
Социальная защита
Здраво- охранение
Образование
Благоустройство
МПС
Электронные услуги
Культура и спорт
ЖКХ
ЧС информирует
Противодействие коррупции
Карта сайта
Наш район
Обратная связь
Правила проведения легализации
  • Главная
  • События
  • Жаңа 2019 жыл отандастарымыз үшін бірқатар республикалық заңдарға енгізілген өзгерістерден басталды. Солардың бірі – 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ). Бұл не және не үшін енгізілді? Бірыңғай жиынтық төлем өзін-өзі жұмыспен қамтушы жеке тұлғалардың бейресми қызметін тіркеуді оңайлатуға бағытталған. Сол арқылы төрт міндетті төлемді: мемлекеттік кірістер органына төленетін жеке табыс салығын (ЖТС), Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ, Қор) төленетін міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымды және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымды бір төлеммен жүзеге асыруға болады. Бұл бізге қандай мүмкіндіктер береді? Жеке кәсіпкер ретінде кәсіпкерлік қызметін тіркелместен жүзеге асыратын, бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін: БЖТ төлеген, жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын, қызметтерді салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана көрсететін және (немесе) акцизделетін өнімдерді қоспағанда, өзінің жеке қосалқы шаруашылығында өндірген ауыл шаруашылығы өнiмiн салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана өткізетін жеке тұлғалар БЖТ төлеушілер деп танылады. Ал сауда-ойын-сауық орталықтары аумағында жұмыстар атқаратындар (қызметтер көрсететін), тұрғын емес орынжайларды жалға берушілер, жеке практикамен айналысатын адамдар, оралмандарды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар және жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген адамдар БЖТ төлеушілер ретінде танылмайды. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес БЖТ төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін өз пайдасына Қорға төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналары республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада – айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 1 еселенген мөлшерінің және басқа елдімекендерде айлық есептік көрсеткіштің 0,5 еселенген мөлшерінің 30 пайызын құрайды. Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын АЕК мөлшері қолданылады. БЖТ төлеу мүмкіндігіне ие азаматтар барлық төлемдерді оңайлатылған тәртіпте төлеп, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қатыса алады. Сонымен қатар БЖТ төлеу арқасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында медициналық қызметтерге толық көлемде қол жеткізіледі, яғни, көрсетілетін медициналық қызметтердің бағасы мен түрі бойынша шек қойылмайды және медициналық мекемелерді таңдау құқығы беріледі. Бұдан басқа БЖТ төлеуші қазақстандықтар жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысып, жинақтарын молайтады және қатысу өтіліне қарай мемлекеттік базалық зейнетақыны жоғары мөлшерде алуға үміт арта алады. Жүйеге қатысушы жұмыстан, еңбекке қабілеттілігінен, асыраушысынан айырылған жағдайда, сонымен қатар жүктілік, бала туу және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жоғары мөлшерде әлеуметтік төлемдер алу мүмкіндігіне ие болады. Осылайша алатын табысты растаудың арқасында азаматтардың несие өтеу қабілеті арта түседі. Сәйкесінше олар өздерінің төлем қабілеттілігін растап, банктен несие ала алады. Өзін-өзі жұмыспен қамтушы жеке тұлғалар БЖТ-ны «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына екінші деңгейдегі банктер немесе жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар (мысалы, «Қазпошта» АҚ) арқылы төлейді. Әрі қарай Мемлекеттік корпорация төлемді төрт бағыт бойынша: жеке табыс салығы ретінде мемлекеттік кірістер органына, әлеуметтік аударым ретінде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, міндетті зейнетақы жарналары ретінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және әлеуметтік аударым ретінде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударады. БЖЗҚ салымшылары үшін тағы бір жағымды жаңалық! Бұған дейін МЗЖ есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоты (ЖЗШ) жеке тұлғаның БЖЗҚ-ға ұсынған ЖЗШ ашу жөніндегі өтініші негізінде ашылатын. Енді 2019 жылдың қаңтарынан бастап БЖЗҚ-да МЗЖ есепке алу бойынша ЖЗШ ашу үшін жеке тұлғаға БЖЗҚ-ға жүгінудің қажеті жоқ. Енді жеке тұлғаның БЖЗҚ-да МЗЖ есепке алу бойынша ашылған зейнетақы шоты жоқ болса, алғашқы жарна келіп түскен кезде зейнетақы шоты Қордың ақпараттық жүйесінде автоматты түрде ашылады. Бұл ретте жеке тұлға МЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні) бойынша сәйкестендіріледі. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері және тұрғылықты мекенжайы бойынша қажетті мәліметтерді Қор мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алатын болады. Ескере кететін жәйт, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) мен ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу бойынша ЖЗШ ашу тәртібі бұрынғыша өзгеріссіз қалады. Сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) бар болған жағдайда, ЕЗЖ (өз пайдасына) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын БЖЗҚ сайтында онлайн тәртібінде ашуға болады. Бұл салымшылар мен алушылар үшін өте ыңғайлы.
События СОБЫТИЯ

Жаңа 2019 жыл отандастарымыз үшін бірқатар республикалық заңдарға енгізілген өзгерістерден басталды. Солардың бірі – 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ). Бұл не және не үшін енгізілді? Бірыңғай жиынтық төлем өзін-өзі жұмыспен қамтушы жеке тұлғалардың бейресми қызметін тіркеуді оңайлатуға бағытталған. Сол арқылы төрт міндетті төлемді: мемлекеттік кірістер органына төленетін жеке табыс салығын (ЖТС), Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ, Қор) төленетін міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымды және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымды бір төлеммен жүзеге асыруға болады. Бұл бізге қандай мүмкіндіктер береді? Жеке кәсіпкер ретінде кәсіпкерлік қызметін тіркелместен жүзеге асыратын, бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін: БЖТ төлеген, жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын, қызметтерді салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана көрсететін және (немесе) акцизделетін өнімдерді қоспағанда, өзінің жеке қосалқы шаруашылығында өндірген ауыл шаруашылығы өнiмiн салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана өткізетін жеке тұлғалар БЖТ төлеушілер деп танылады. Ал сауда-ойын-сауық орталықтары аумағында жұмыстар атқаратындар (қызметтер көрсететін), тұрғын емес орынжайларды жалға берушілер, жеке практикамен айналысатын адамдар, оралмандарды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар және жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген адамдар БЖТ төлеушілер ретінде танылмайды. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес БЖТ төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін өз пайдасына Қорға төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналары республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада – айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 1 еселенген мөлшерінің және басқа елдімекендерде айлық есептік көрсеткіштің 0,5 еселенген мөлшерінің 30 пайызын құрайды. Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын АЕК мөлшері қолданылады. БЖТ төлеу мүмкіндігіне ие азаматтар барлық төлемдерді оңайлатылған тәртіпте төлеп, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қатыса алады. Сонымен қатар БЖТ төлеу арқасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында медициналық қызметтерге толық көлемде қол жеткізіледі, яғни, көрсетілетін медициналық қызметтердің бағасы мен түрі бойынша шек қойылмайды және медициналық мекемелерді таңдау құқығы беріледі. Бұдан басқа БЖТ төлеуші қазақстандықтар жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысып, жинақтарын молайтады және қатысу өтіліне қарай мемлекеттік базалық зейнетақыны жоғары мөлшерде алуға үміт арта алады. Жүйеге қатысушы жұмыстан, еңбекке қабілеттілігінен, асыраушысынан айырылған жағдайда, сонымен қатар жүктілік, бала туу және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жоғары мөлшерде әлеуметтік төлемдер алу мүмкіндігіне ие болады. Осылайша алатын табысты растаудың арқасында азаматтардың несие өтеу қабілеті арта түседі. Сәйкесінше олар өздерінің төлем қабілеттілігін растап, банктен несие ала алады. Өзін-өзі жұмыспен қамтушы жеке тұлғалар БЖТ-ны «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына екінші деңгейдегі банктер немесе жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар (мысалы, «Қазпошта» АҚ) арқылы төлейді. Әрі қарай Мемлекеттік корпорация төлемді төрт бағыт бойынша: жеке табыс салығы ретінде мемлекеттік кірістер органына, әлеуметтік аударым ретінде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, міндетті зейнетақы жарналары ретінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және әлеуметтік аударым ретінде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударады. БЖЗҚ салымшылары үшін тағы бір жағымды жаңалық! Бұған дейін МЗЖ есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоты (ЖЗШ) жеке тұлғаның БЖЗҚ-ға ұсынған ЖЗШ ашу жөніндегі өтініші негізінде ашылатын. Енді 2019 жылдың қаңтарынан бастап БЖЗҚ-да МЗЖ есепке алу бойынша ЖЗШ ашу үшін жеке тұлғаға БЖЗҚ-ға жүгінудің қажеті жоқ. Енді жеке тұлғаның БЖЗҚ-да МЗЖ есепке алу бойынша ашылған зейнетақы шоты жоқ болса, алғашқы жарна келіп түскен кезде зейнетақы шоты Қордың ақпараттық жүйесінде автоматты түрде ашылады. Бұл ретте жеке тұлға МЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні) бойынша сәйкестендіріледі. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері және тұрғылықты мекенжайы бойынша қажетті мәліметтерді Қор мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алатын болады. Ескере кететін жәйт, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) мен ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу бойынша ЖЗШ ашу тәртібі бұрынғыша өзгеріссіз қалады. Сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) бар болған жағдайда, ЕЗЖ (өз пайдасына) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын БЖЗҚ сайтында онлайн тәртібінде ашуға болады. Бұл салымшылар мен алушылар үшін өте ыңғайлы.

АО «ЕНПФ» информирует, что c 25 января 2019 года вступает в силу постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан № 288 от 19.11.2018г., в соответствии с которым государственная услуга «Выдача информации о состоянии пенсионных накоплений (с учетом инвестиционного дохода) вкладчика (получателя) единого накопительного пенсионного фонда» будет доступна на портале электронного правительства в том числе без электронной цифровой подписи.

Сегодня узнать о состоянии своих пенсионных накоплений возможно следующими способами:

1) при личном обращении непосредственно в офис ЕНПФ;

2) традиционной почтой;

3) электронным способом посредством:

– электронной почты на адрес, представленный в ЕНПФ;

– личного кабинета на портале ЕНПФ с использованием электронной цифровой подписи или логина и пароля;

– личного кабинета на портале электронного правительства.

Для использования последнего способа информирования ранее была необходима только электронная цифровая подпись. Теперь с 25 января 2019 года любой вкладчик (получатель) может получить выписку с индивидуального пенсионного счета в том числе с применением одноразового sms-пароля, который будет приходить на номер мобильного телефона вкладчика (получателя), зарегистрированный в базе мобильных граждан mGov, после отправки запроса.

Следует отметить преимущество электронных способов получения выписок с индивидуальных пенсионных счетов вкладчиков (получателей) перед традиционными способами получения, которое позволяет получать самую актуальную информацию о пенсионных накоплениях в режиме 24/7.

 ЕНПФ создан 22 августа 2013 года на базе АО «НПФ «ГНПФ». Учредителем и акционером ЕНПФ является Правительство Республики Казахстан в лице ГУ «Комитет государственного имущества и приватизации» Министерства финансов Республики Казахстан. Доверительное управление пенсионными активами ЕНПФ осуществляет Национальный Банк Республики Казахстан. С 1 января 2016 года функции по выработке предложений по повышению эффективности управления пенсионными активами переданы Совету по управлению Национальным фондом. В соответствии с пенсионным законодательством ЕНПФ осуществляет привлечение обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов, добровольных пенсионных взносов, пенсионные выплаты, индивидуальный учет пенсионных накоплений и выплат, предоставляет вкладчику (получателю) информацию о состоянии его пенсионных накоплений (подробнее на www.enpf.kz).

Пресс-центр АО «ЕНПФ». Контакты для СМИ: press@enpf.kz

13.02.2019