A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Денсаулық сақтау ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ



Әлеуметтік мәртебені анықтау


Әлеуметтік мәртебені анықтау

 

2017 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіле бастайды.

Халық 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық көмекті міндетті мединициналық сақтандыру бағдарламасы бойынша ала бастайды.

Жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап жарналарды әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына                      аудара бастайды.

Әлеуметтік-әлсіз санаттағы тұлғаларға жарналарды мемлекет                   2018 жылдың 1 қаңтарынан аудара бастайды.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарналарды аудармайтын азаматтар үшін медициналық көмек қолжетімсіз болуы қалуы мүмкін.

Экономиканың бейресми секторында жұмыспен қамтылған азаматтар (жеке жүк тасу, құрылыс бизнесі, қызмет көрсету, сауда және т.б.) жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік кірістер органдарында тіркелуі тиіс.

Жұмыссыз азаматтар Халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркеліп, жұмыс орнын алуы тиіс, нәтижесінде жұмыс беруші ол үшін аударымдар жасайды.

Жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыздар үшін жарналарды мемлекет төлейді.

Ресми табысы жоқ азаматтар өзінің әлеуметтік мәртебесін анықтау қажет:

1.     жалдамалы қызметкер

2.     жеке  кәсіпкер

3.     әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы алушылар

4.     жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыздар

5.     нәтижесіз өз бетінше жұмыспен қамтылғандар.

Өз әлеуметтік мәртебеңізді e-gov.kz «электрондық үкімет» порталынан, Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан және Халықты жұмыспен қамту орталықтарын анықтауға болады.

Халықты ақпараттандыру және ақпараттарды жинақтау мақсатында мобильдік топтар мәртебесі анықталмаған азаматтар арасында аулааралық тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Мобильдік топтар құрамына әкімдік, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, білім органдарының,сонымен қатар,  мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік кірістер, жергілікті полиция қызметінің өкілдері кіреді.

Мобильдік топтар әлеуметтік саладағы реформалар жайындағы жадынамаларды таратады, азаматтардың аты-жөні, туған күні, ЖСН-і, әлеуметтік мәртебесі көрсетілетін сауалнамаларды толтырады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналарды аударудан келесі азаматтар босатылады:

1)    балалар;

2) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналар;

3) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оның мүгедектері;

4) мүгедектер;

5) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;

6) интернат ұйымдарында білім алып және тәрбиеленіп жатқан адамдар;

7) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ резидентура нысанындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;

8) бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;

9) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, сондай-ақ бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) іс жүзінде тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар;

10) зейнеткерлер;

11) әскери қызметшілер;

12) арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;

13) құқық қорғау органдарының қызметкерлері;

14) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген адамдар;

15) уақытша ұстау изоляторларындағы және тергеу изоляторларындағы адамдар.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарналарды аудармайтын азаматтар тек әлеуметтік-маңызды ауруларға шалдыққан кезінде медициналық көмекпен, жедел медициналық көмекпен, амбулаторлық-емханалық көмекпен ғана қамтамасыз етіледі.

 

Анықтау телефондары:

 

 

Алматы қаласы Жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Қонаев көшесі, 122, тел.: 261-75-56

Аудандық бөлімдер

Мекенжайы

Телефон

Алатау

Шаңырақ-2 ық.ауданы,

Жанқожа батыр көш., 26

393-91-20, 395-36-40

Алмалы

Сейфуллин көш., 577

272-86-84, 261-02-81

Әуезов

3-ші ықшам аудан,

41-в үй

277-48-83, 276-49-92

Бостандық

Жандосов көш., 2

392-24-13, 392-22-95

Жетісу

Мақатаев көш., 142/8

279-54-50, 279-37-72

Медеу

Төле би көш., 12

291-06-65, 291-75-55

Наурызбай

Қалқаман ықшам ауданы, 24 үй

309-81-87, 309-83-99

Түрксіб

Рихард Зорге көш., 18

223-68-05, 232-74-13

 

 

Алматы қалалық Халықты жұмыспен қамту орталығы

Мақатаев көшесі, 117, Б корпусы, тел.: 279-81-91

Аудандық орталықтар

Мекенжайы

Телефон

Алатау

Шаңырақ-2 ық.ауданы,

Жанқожа батыр көш., 26

393-91-20, 399-83-52

Алмалы

Мақатаев көш., 117,

Б корпусы

385-10-66,

385-40-33

Әуезов

3-ші ықшам аудан,

41-в үй

276-09-58, 276-90-32

Бостандық

Жандосов көш., 2

392-15-80, 392-15-79

Жетісу

Мақатаев көш., 142/8

233-50-39, 239-82-29

Медеу

Төле би көш., 12

291-75-04

Наурызбай

Таусамалы ық. ауданы, Қонаев көш., 1А

279-43-83

Түрксіб

Рихард Зорге көш., 18

223-68-13, 299-59-29