A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
ТКШ ТКШ



Комуналдық тұрғын – үй шаруашылығы


Комуналдық тұрғын – үй шаруашылығы

Ауданда 1146 көппәтерлі тұрғын үй бар. Кондоминиум 118 үй бойынша рәсімделді, қазіргі уақытта «Өңірлерді дамыту-2020»  («Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын (ТКШ) жаңғырту») бағдарламасы аясында жоспардағы 22 көппәтерлі тұрғын үй бойынша жөндеу жұмыстары аяқталды (жалпы сомасы 253 млн.тг). 2018 жылға жоғарыда аталған бағдарламаға қатысу үшін 70 өтініш берілді.

Сондай-ақ, ПИК-тің қаражаты есебінен жалпы сомасы 17,5 млн. теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жалпы сомасы 918 млн.теңгеге 80 аулаларға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта Түрксіб ауданындағы 150 ауланы абаттандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

Қарыз

01.12.2017 жылға халық бойынша дебиторлық қарыз - 112,065 млн.теңгені құрайды, ал 01.12.2016 жылға 124,37 млн.теңгені құрайды, қарыз 12,3 млн.теңгеге (9,8%). төмендеді.

Тұтынушыларды өшіру.

Түрксіб ауданы әкімінің аппаратымен құрамында жоғарыда аталған топтардың жеке тұлғаларды өшіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтары мен 8 желтоқсан аралығында жұмыс тобымен келесі жұмыстарн жүргізілді:

Тексеру барысында 167,7 млн. теңгеге қарызы бар 7722 пәтер анықталды.

Сомасы 113,3 млн.теңгеге 3662 пәтер бойынша өшіру жүргізілді.

37348 пәтер 405,1 млн.теңгеге төлем жасады.

12843 пәтерде сомасы 108,5 млн.теңгеге рұсат жоқ.

142,0 млн.теңгеге 73655 сотқа дейінгі шағым берілді.

Сонымен қатар ПИК подъездерде, лифттерде тұратын борышкерлердің тізімін жасап жұмысқа үлестерін қосты.

Жұмыс осы бағытта жалғасуда.

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша «Жас Қанат» шағын ауданында               5 қабатты (1652 пәтер) 47 тұрғын үй салу жұмысы аяқталды, аяқталу мерзімі           25 желтоқсан 2017 жыл. Тапсырыс беруші: Қазақ Ипотекалық Компаниясы.

«Қолжетімді тұрғын үй - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Жас Қанат» шағын ауданында 9 қабатты (288 пәтер) 4 тұрғын үй салу жұмысы аяқталды, тапсыру мерзімі 2017 жылдың 25 желтоқсан айына дейін. Тапсырыс беруші: Алматы қаласы Құрылыс басқармасы.

Есептік кезең бойынша тұрғын үйді енгізу соммасы 16 млрд. 309 млн.теңгеге 170 277 м2 құрады.

«Жас Қанат» шағын ауданында ұзындығы 22 шақырымда жалпы соммасы 924,9 млн.теңгеге сумен жабдықтау және кәріз желілерін қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бітіру мерзімі: 2018 жылдың маусым айы. Тапсырыс беруші: Алматы қаласы Коммуналдық шаруашылық және Энергетика басқармасы. Бүгінгі күні сумен жабдықтау және кәріз желілерін төсеу 86 % құрайды.