2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
  • Негізгі бет
  • Бос жұмыс орыны
  • Алматы қаласы жергілікті атқарушы органының қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған ішкі конкурс туралы хабарландыру
Бос жұмыс орыны БОС ЖҰМЫС ОРЫНЫ



Алматы қаласы жергілікті атқарушы органының қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған ішкі конкурс туралы хабарландыру


Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:

 


Е-3 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

      3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында 1 жылдан кем емес;

      5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      6) ғылыми дәрежесінің болуы;

7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;

      8) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Конкурс ҚР ӘМ 2017 жылғы 27 наурыздағы №14939 тіркелген, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санаты

Еңбексіңіргенжылдарынабайланысты

 

min

max

Е-3

227 238

296 396

 

«Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ, 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, анықтама үшін телефон/факс 262-16-09, e-mail: a.turdali@almaty.gov.kz, Алматы қаласы жергілікті атқарушы органының қызметшілері арасында «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппаратының Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы, Е-3 санаты, (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: Бөлімге жалпы басшылық етеді; бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына жеке жауапкершілік алады; бөлім жұмысын жоспарлауды жүзеге асырады; бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөледі; атқарушылық және еңбек тәртібін қамтамасыз етеді. Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініш арыздарының орындалу мерзімін   бақылауды дербес қамтамасыз етеді; қылмыстарды жасауға жағдай туғызатын себептер мен жағдайларды жою бойынша аудандық құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіреді. Аудандағы әлеуметтік-криминогендік ахуалды ескере отырып, қылмыстың жай-күйін, құрылымын және динамикасын талдайды; қоғамдық орындар мен көшелерде қылмыстың алдын алу нысандары мен әдістерін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізеді; мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың   бөлімге түскен өтініштерін   қарастыру бойынша жұмысты жүргізеді, олардың ішіндегі ақпараттар мен ұсыныстарды тәжірибе жүзінде қолдану және талдау, азаматтардың шағымдану себебін зерделеп, оларды болдырмау үшін шаралар қабылдау; жеке және заңды тұлғалардың талап арыздарын қарастырады, әкім аппараты мүддесі үшін олармен соттарда жұмыс жүргізеді; Ауданда құқық тәртібін нығайту, қылмыспен күрес сұрақтары бойынша әкімнің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындайды, осы саланың құқық қорғау органдарының жұмысын үйлестіреді және өзара әрекеттесуін ұйымдастырады; азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына жол бермеу үшін, қабылданатын шешімдер мен өкімдердің заңдылығына құқықтық сараптама жүргізеді. Сыбайлас жемқорлыққа және қылмысқа қарсы күрес     бойынша мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

            Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Құқық (құқықтану немесе құқық қорғау қызметі) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі.

            Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)   белгіленген нысан бойынша өтініш (қоса беріліп отыр);

2)   тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде расталған қызметтік тізім.

            Құжаттарды қабылдау мерзімі 3 жұмыс күннің ішінде конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша Аппаратқа тапсырылуы тиіс.

            Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

            Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

           Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Алматы қаласы әкімі аппаратының (Алматы қаласы, Республика алаңы, 4) ғимаратында өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылардың қатысуына жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей бірыңғай персоналды дамыту қызметін хабардар етеді.

            Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының іс- әрекеті мен шешіміне шағымдана алады.

Конкурстық комиссия тарапынан заңсыз фактілер анықталған жағдайда конкурс кандидаттары мен қатысушылары Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 555 мекенжайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары арқылы шағымдануға құқылы.

 

Ескертпе: Алматы қаласындағы карантин режиміне байланысты кандидаттармен әңгімелесу онлайн режимінде өткізілетін болады (ZOOM).

Кандидаттарға шақырту қосымша жіберілетін болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарына орналасу үшін

ЖАДЫНАМА

 

Конкурсқақатысушылар мен кандидаттарқұқылы:

- Құжаттарын (нысандағы өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім) хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсыруға.

- Бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды беруге.

- Конкурстың өтетін уақыты және күні туралы ақпаратты электрондық мекен-жайға және ұялы телефонға хабарлама алуға.

- Хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде әңгімелесуден өтуге.

- Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануға.

- Мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсынан конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімімен танысуға.

- Әңгiмелесудің оң қорытындысын алған жағдайда конкурс нәтижесiмен, ол аяқталғаннан кейiн екі жұмыс күн iшiнде танысуға.

- Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн өткеннен кейін, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда лауазымға қабылдануға, немесе конкурсқа бір кандидат қатысып, ол конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, ол конкурс комиссиясының қорытынды отырысы өткен күннен бастап тағайындалуға.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

"Б" корпусыныңмемлекеттік

әкімшіліклауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының

2-қосымшасы

 

Нысан

            __________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені __________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға жәнеорналасуға келісім беремін __________________.

                                                                                                           (иә/жоқ)

 

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

 

Қоса берілген құжаттар:

 

______________________________________________________________________

 

______________________________________________________________________

 

______________________________________________________________________

 

Мекенжайы: __________________________________________________________

 

Байланыс телефоны: ____________________________________________________

 

e-maіl: ________________________________________________________________

 

ЖСН: ________________________________________________________________

 

_________                                             ______________________________________

(қолы)                                                     (Тегі, аты, әкесініңаты (болғанжағдайда))

 

"___"_______________ 20 __ ж.