A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Мектеп бітірушілер үшін соңғы қоңырау соғылды

Бүгін еліміздің барлық білім ордаларында соңғы қоңырау соғылды. Соның бірі аудандағы №78 жалпы білім беретін мектепте де соңғы қоңырау шарасы өтті.

Мерекелік шара еліміздің Әнұранымен ашылды. Одан кейін мектеп директоры Раушан Кәкенқызы оқушылар мен ұстаздарды мерекелерімен құттықтап, өз лебізін білдіріп және 2017-2018 оқу жылының мектеп үшін табысты болғанын айтып, түлектерге ұлттық бірыңғай тестілеуде жақсы көрсеткіштерге жетуін тіледі.

Одан кейін бірқатар оқушыларға мектеп аясында және аудан аралық іс-шараларға белсене қатысқанына, оқу озаттарына мақтау грамоталарын табыс етті.

Бұл мектепте жалпы 26 бала білім ұясынан түлеп ұшқалы тұр. Оның 26 ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады деп жоспарлануда. Аталған мектепте 2 түлек «Алтын белгіге» және 1 түлек «Үздік үлгідегі аттестатқа» үміткер. Мектеп бітіретін оқушыларға сәт сапар тілейміз.

 

 

25.05.2018