A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Пробациялық бақылау

ҚР Үкіметінің 2014 жылдың 23 қазанындағы №1131 «Пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету ережесін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес, Алматы қаласы бойынша ҚАЖД Түріксіб аудандық пробация қызметі бөлімі тұрғылықты тұратын жері жоқ немесе жаза өтеу кезінде қандай да бір себептермен тұрғылықты тұратын мекен-жайсыз қалғандарға көмек көрсету аясында Алматы қалалық әлеуметтік бейімделу орталығымен тығыз әріптестік қатынаста. Пробациялық бақылау орнатылған адамдарға қатысты жергілікті атқару органдары, қоғамдық бірлестіктер және басқа ұйымдар әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді.

Пробация қызметіне сотталғандар жазбаша түрде көмек сұрап хабарласқан жағдайда, пробация қызметі ол сотталғанға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мақсатында жеке бағдарлама құрады. Осы бағдарлама аясында баспанасы жоқ сотталған бейімделу орталығына жіберіледі. Бейімделу орталығында сотталғанмен бір айға, кейін сотталғанның қалауы бойынша 1 жылға дейін келісім жасалады.

2017 жылдың 5 желтоқсанында Алматы қаласы Түріксіб аудандық пробация қызметіне тұрғылықты тұратын жері 26.01.1973 жылы туылған   сотталған Рудоманов Ян Николаевичтан арыз түсті. Рудоманов Я.Н. 26.01.1973 ж.т. Алматы қаласының Түріксіб аудандық сотымен ҚР ҚК 191 бабының 2 бөлігінің 3 тармағының негізінде 2 жыл 7 ай 16 күнге бас бостандығын шектеуге сотталған. Сотпен пробациялық бақылау орнатылған. Я.Н. Рудомановқа жеке бағдарлама жасалып, бейімдеу орталығына жіберілді.

Қазіргі уақытта  Я.Н. Рудоманов бейімдеу орталығында тұрып жатыр. Ол жерде тегін медициналық қараудан өтті, сондай-ақ орталық психолог мамандарының күнделікті бақылауында. Өз кезегінде пробация қызметкерлері Я.Н. Рудомановтың алдағы уақытта құқықбұзушылық  жасамауының алдын алу бойынша іс-шараларын жүйелі жүргізуде.

Жеке бағдарлама аясында бейімдеу орталығында тіркеуге тұру, жеке куәлік алу және жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.


Алматы қаласы бойынша ҚАЖД

Түріксіб аудандық пробация

қызметі бөлімінің инспекторы

әділет аға лейтенанты                                                                                       Нургожаев Д.С.

 

21.12.2017