A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

1– маусым Балаларды қорғау күні

Бүгін аудандағы №6 оқушылар үйінің алдында кішкентай бүлдіршіндер өздерінің ата-аналарымен бірге 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесін тойлады. Аудан әкімдігінің балалар мерекесіне орай ұйымдастырған шарада кішкентай бүлдіршіндер №№7, 6 Оқушылар үйінің дайындаған концерттерін тамашалады.

Мерекенің сәнін қою бояумен, қылқалам шеберлігімен жеткізген кішкентай суретшілер шеберханасы болды. Олар өздерінің бақытты балалық шақтарын қағаз бетіне өз қиялдарымен түсірді. Мереке барысында балаларға сыйлықтармен тәтті балмұздақтар ұсынылды. Сонымен қатар салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында бірқатар спорттық шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.

Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелеттік жасқа толмағандар ісі және олардың құқығын қорғау жөніндегі ведмоствоаралық комиссиясысы да аудандық білім беру бөлімімен бірлесіп (№№83, №78, ЖБМ 142) Алматы қалалық Білім беру басқармасының жанындағы кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығының аумағында Халықаралық Балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шараларын өткізді.

Кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығында уақытша тәрбиеленіп жатқан жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жұмыстарды жандандыру мақсатында әртүрлі ұлттық спорттық ойындар жүргізілді.

Аудандық Ардегерлер кеңесі балаларға грамота мен сыйлықтар тапсырып, тәтті дастархан жайып берді.


01.06.2016