A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Республика аумағында «Пробация» жедел-алдын алу шарасы өткізілуде

Ағымдағы жылдың 29 ақпан мен 7 наурыз   аралығында республика аумағында «Пробация» жедел-алдын алу шарасы өткізілді. Шараның басты мақсаты бақылау жүргізуші қылмыстық-атқару инспекцияларында есепте тұрған қоғамнан ажыратудан тыс жазаға кесілген тұлғалар арасында қылмыстың қайталануының алдын алу және жою болып табылады.

Осылайша, Түрксіб ауданының ІІБ мен әкімшілік полициясының қызметкерлерінің Түрксіб ауданының ПҚ түркеуіндегі тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша ауданының әкімшілік учаскісінде тұратын қоғамнан ажыратудан тыс жазаға кесілген барлық есептегі тұлғаларды тексеру жұмыстарын жүргізуде. Үнемі жазасын өтеу тәртібі  мен ережелерін бұзатындарды, жазадан жалтарған азаматтарды анықтау. АІІБ КІБ қызметкерлермен бірлесе отырып жазаға кесілген жасы кәмелетке толмағандарды, балалардын қадағалауы артылған міндеттемелерін орындамайтын балалары 14 жасқа келгенге дейін жазасы шегерілген   сотталған әйелдерді, спирті сусындарды асыра пайдаланатын, қоғамдық тәртіпті бұзатындарды тұрғылықты жері бойынша тексеру жүргізілді. 

Алматы қаласы Түрксіб ауданы

ПК бөлімінің инспекторы 

әділет аға лейтенанты

Нургожаев Д.

ШАРТТЫ СОТТАЛҒАН АДАМДАРҒА БАҚЫЛАУ ЖАСАУ ТӘРТІБІ

«Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз  ел болмайды» деген Бауржан Момышұлы бабамыз айтқандай қазіргі Тәуелсіз Қазақстан Республикасында Қылмыстық- атқару саласының сотталғанды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды орындау, қылмыстық- құқық тық ықпал етудің өзге шаралары  және шартты сотталған адамдарға бақылау  жүргізетін пробация қызметі қазіргі қоғамда алатын орны ерекше.

Сынық мерзімі ішінде шартты түрде сотталған әскери қызметшілердің жүріс- тұрысына бақылауда олардың әскери бөлімдерінің  командованиесі жүзеге асырады.  Шартты түрде сотталғандарға әскери бөлімдердің  командованиесіне өзінің жүріс- тұрысы түралы есеп беруге, сот жүктеген міндеттерді орындауға , айына екі рет тіркелу үшін келуге міндетті. Дәлелсіз себептермен келмеген жағдайда шартты түрде сотталған адам мәжбүрлеп келтірілуі мүмкін. Пробациялық бақылау – бұл сынық мерзімі кезеңінде әлеуметтік-құқықтық көмек алуға жәрдем көрсете отырып,  шартты турде сотталғандарға сот жүктелген міндеттердің  орындалуына және олардың жүріс-тұрысына бақылауды жүзеге асыру жөніндегі  пробация қызметінің жұмысы.   

Алматы қаласы Түрксіб ауданының

ПҚ бөлімінің инспекторы

әділет аға лейтенанты   Д. Нұрғожаев

02.03.2016