A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Шартты сотталған адамдарға бақылау жасау тәртібі

Шартты сотталған адамдарға бақылау жасау тәртібі

Пробация қызметінің функциясына бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды орындау ғана емес, сонымен қатар, шартты түрде сотталған адамдарға білім, кәсіп алуда, оларды жұмысқа орналастыруда, емдеуде, сондай-ақ құқықтық көмекті қамтамасыз етуде әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету де жатады.

Пробация қызметтерінің сотталғандарды қайта әлеуметтендіруге және «түрме халқын» азайтуға бағытталған жұмысының тиімді болуы бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларға сотталған адамдарды бақылауды жүзеге асыратын жазаларды орындау органдары мен оларды әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмекпен қамтамасыз етуге ресурстары бар жергілікті атқарушы органдардың өзара тығыз әрекеттесуі арқылы мүмкін екені аталып өтті.

Шараның басты мақсаты бақылау жүргізуші қылмыстық-атқару инспекцияларында есепте тұрған қоғамнан ажыратудан тыс жазаға кесілген тұлғалар арасында қылмыстың қайталануының алдын алу және жою болып табылады.

Сынық мерзімі ішінде шартты түрде сотталған әскери қызметшілердің жүріс- тұрысына бақылауда олардың әскери бөлімдерінің  командованиесі жүзеге асырады.  Шартты түрде сотталғандарға әскери бөлімдердің  командованиесіне өзінің жүріс- тұрысы түралы есеп беруге, сот жүктеген міндеттерді орындауға , айына екі рет тіркелу үшін келуге міндетті. Дәлелсіз себептермен келмеген жағдайда шартты түрде сотталған адам мәжбүрлеп келтірілуі мүмкін. Пробациялық бақылау – бұл сынық мерзімі кезеңінде әлеуметтік-құқықтық көмек алуға жәрдем көрсете отырып,  шартты турде сотталғандарға сот жүктелген міндеттердің  орындалуына және олардың жүріс-тұрысына бақылауды жүзеге асыру жөніндегі  пробация қызметінің жұмысы.   

Қазіргі кезде Алматы қалалық Түрксіб аудандық Қызмет пробациясының тізімінде 254 сотталушы тіркелген.

 Алматы қаласы Түрксіб ауданының

ПҚ бөлімінің инспекторы

әділет аға лейтенанты   Д. Нұрғожаев

03.06.2016