A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Аудан әкімінің өткен жылға есеп беру кездесу аяқталды

Бүгін №6 Оқушылар үйінің мәжіліс залында аудан әкімінің өткен жылға есеп беру шарасы аяқталды. Әкімінің есеп беру шарасына бюджеттік саланың қызметкерлері,мемлекеттік қызметкерлер,ҮЕҰ өкілдері,зейнеткерлер қатысты. Сонымен қатар қалалық әкімдіктің өкілдері және қалалық мәслихаттың депутаттары қатысты.  

Кездесуді аудан әкімі В.Устюгов өткен жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы баяндамадан бастады. Одан кейін аудан әкімі аудан тұрғындарын  толғандырып жүрген кейбір мәселелерге тоқталып өтті.  Аудан әкімі В.Устюгов баяндамасын аяқтап болғаннан кейін аудандық жергілікті полициясының басшысы Ф.Сбанбаев өз саласындағы жыл бойына атқарылған шаралары туралы  баяндамасын оқыды.  Аудан әкімінің халық алдындағы есеп беру кездесуінде көптеген мәселелер мен шаралар талқыланды. Атап өтетіні осыған дейінгі бес округ бойынша  өткізілген есеп беру кездесуде тұрғындар тарапынан қойылған барлық сауалдар толығымен жауап берілді. Әкімнің баяндамасынан кейін «Жас Қанат», Әуежай аумағының,Закарпатский көшесінің, жаңа қосылған Әлмерек,Колхозшы,Қайрат аумағының тұрғындары суқұбыры желісінің құрылысын жүргізу туралы өтініштерімен шағымданды. Сонымен қатар қоғамдық көлік,аудандағы ескі үйлерді бұзу,кәріз құбырының мәселелері де талқыланды. Өткен жылмен салыстырғанда аудандағы өзекті мәселелер назардан тыс қалмай шешімі табылып жатқандығын тұрғындардың қойған сұрағынан және алғыстарынан байқалып жатты.  Есеп беру кездесуде сауалдарға жауап берген аудан әкімі барлық мәселелер мүмкіндігінен қарай шешілетінін түсінідірді.


06.02.2016