A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Менің бақытты отбасым

2015 жылдың 4 желтоқсанында №106 ЖББ мектепте «16 күн зорлық-зомбылықсыз» акциясы аясында 6 «В» сынып және 9 «Б» сыныптары дайындаған «Менің бақытты отбасым» атты мектепішілік іс-шара өткізілді.

Өзінің құттықтау сөзінде мектеп директоры Амрина Назым Төлеухалиқызы бала тәрбиесіндегі отбасының маңызы, отбасылық құндылықтар  туралы айтып берді. Бақытты отбасы - қоғамдағы тыныштық, бейбітшілік және өркендеу болып табылады. Отбасыда тұлғаның моральдық қасиеттері қаланатындығын жеткізді.

Белсенді мектеп ата-анасы ретінде  Чайкина Светлана барлық мектеп, қала, ел  іс-шараларына  қатысуы туралы өзінің отбасын айтып берді. Ол өмірге деген белсенді ұстаным ғана отбасын нығайтады және біріктіретін айтты.

Шақырылған қонақтардың арасында көпбалалы отбасы учаскелік инспектор ІІБД Түрксіб ауданы, полиция капитаны Пернебаев Азамат Мүслімұлы  өз әйелі және төрт ұлымен болды. Ол өзінің отбасы туралы, балаларын қалай тәрбиелейтіні туралы, өз отбасының жөн-жоралғылары да туралы әңгімеледі. Сонымен қатар өзінің үлкен және тату отбасы болғанын армандағаны туралы айтты.

Қатысушыларға  ІІБД Түксіб ауданы  полиция капитаны,  әйел құқығын қорғау жөніндегі  инспектор  Байтұгұлова  Багдат  Тойгалиқызы қосылды.  Ол қоғамдағы гендерлік  теңдік, отбасындағы  қарым-қатынастарға  және оқушыларды  өздерінің  ұстамды  тәрбиелерімен отбасы сенімін және мемлекеттің  сенімін ақтауға шақырды.

Іс-шарада   отбасы және  отбасы дәстүрлері туралы  өлеңдер айтылды. 9 «Б» сынып оқушылары  көрермендердің  ыстық  ықыласымен флеш-моб  өткізді. «16 күн зорлық-зомбылықсыз» акциясы аясында бастауыш мектепте суреттер сайысы өткізілді. Оқушылар өз отбасыларын, олар уақыттарын қалай өткізетіндіктері, маңызды оқиғаларды қалай тойлантындықтары туралы  суреттер  салды.

Сонымен қатар 7-сыныптар арасында «Менің бақытты отбасым» атты оқырман сайысы өткізілді. Сайыс жеңімпаздары мақтау қағаздарымен марапатталды. Мереке мектеп ауласында «Менің бақытты отбасым» жазуымен жазылған әуе шарларымен аяқталды.

08.12.2015