A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

DSC05536.JPG   DSC05574.JPG  
                                                              DSC05574.JPG «Шын жүректен алғыс айтамын!»

Түрксіб  ауданы  әкімдігінің  ұйымдастыруымен  Алматы қаласы Білім басқармасының   №7 Оқушылар үйінің  көркемөнерпаздарының қатысуымен  Алматы  - 1 темір жол вокзалында  «1 Наурыз - Алғыс айту күні»  мерекесіне  орай  жолаушылар мен  қала қонақтарына және ҚТЖ АҚ   қызметкерлеріне  аудан  тұрғындарына  арналған  «Шын  жүректен  алғыс  айтамын!»  атты  мерекелік концерт   өтті.

ҚР  Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» тақырыбымен өткен ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында сөз сөйлеп, елімізде «Алғыс айту күнін» мерекелеу туралы айтқан болатын. Қазақстан шын мәнінде ұлы жұттан басталған зобалаңнан бастап, одан кейінгі Ұлы Отан соғысы сұрапылында туған жерлерінен үдере көшкен сан-мың ұлысқа ортақ шаңырақ болды. Олар осы жерде өздеріне жайлы орта тапты, жанұялы болды, өсіп-өнді. Мұндайда алыстағының өзі бауырың, туысыңа айналады. Қазақ елінде өмір сүріп жатқан кез-келген ұлт қазақты өз бауырындай көреді. Сондықтан, оларға алғыстан басқа айтары жоқ. Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау –Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет. Бұл мереке  ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш ететін елеулі күн болмақ. Елбасының бастамасымен, « Алғыс айту күні» биылғы жылы екінші рет тойланып  отырған  бұл мерекеге   алғашқы  тарту ретінде  «Саржайлау»  домбырашылар ансамблі   күмбірлеген күймен  көрермендерге ерекше көңіл – күй сыйлады.  Көрермен көзайымына айналған  Халықаралық, Республикалық байқаулардың жүлдегерлері  «Ақерке» ,«Достық»,«АЙС» би ансамблінің мың бұралған бишілері би билеп, «Балдәурен»  және  «Тарту» вокалды топтарының  өнерпаздары   әуезді  ән айтып, мереке қонақтарын  қанаттандырып  жібергендей болды.  Сонымен қатар, жуырда  ғана өткен «Ұлы дала баласы» атты  аудандық көркемөнерпаздар байқауының жеңімпазы Құрманғазыұлы Димаш күмбірлете күй  шертсе, Оразбек  Жандос пен Қуанышбай Жания және Шәріпжан Әділбек әуелеген әсем ән тарту етті. Бірнеше Халықаралық байқаулардың  жүлдегері «Керім-ай» сән театры   «Тау тәжілі шаһарым» коллекциясын  ұсынғанда вокзал  қонақтарының ыстық ықыластары мен шексіз ризашылықтары -  көрсеткен қошеметтерінен  тайға таңба басқандай көрініп тұрды. Іс – шара  соңында   барлық  өнерпаздар  «Флешмоб» билеп, мерекені дүбірлі  думанға  ұластырды.

   Алғыс - адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс – әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беру. Ендеше, бір – бірімізге деген ризашылығымыз арта берсін!

Саржезденова Сымбат  Иембердиевна

                                                                    Алматы қаласы Білім басқармасының «№7 Оқушылар үйі» МКҚК

әдістемелік бөлім меңгерушісі.                           

 

 

 

01.03.2017