A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Ғасыр құрдасы 103 жаста

Түрксіб ауданында Ұлы Отан соғысының ардагері Мамаев Сергей Петровичті 103 жасқа толған туған күнімен құттықтау шарасына аудан әкімі Кулагин Павел Сергеевич, «Нұр Отан» аудандық филиалының бірінші орынбасары Әжібаев Нұрлан Ескендірұлы, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрайымы Байгутдинова Ғалия Асқарқызы, сонымен қатар мәслихат депутаты Бекмұхамбетов Айбол Әнуарұлының көмекшісі қатысып салтанатты түрде құттықтап гүл шоғы мен бағалы сыйлықтарын тапсырды. Мамаев Сергей Петрович 1914 жылы 6-қазан күні Киров облысы Арбаш ауданы Чулки ауылында қарапайым шаруалар отбасында дүниеге келген. Соғыс басталғанға дейін әкесімен бірге шаруашылықпен айналысқан. 1937 жылы отбасын құрған. 1938 жылы тұңғыш қызы дүниеге келген. Дәл осы жылы Мамаев Сергей Петрович майданға аттанған. 

1941 жылы 22-маусымнан 3–ші Украин майданында әскери фототілші қызмет етіп,Берлин майданына дейін жеткен. Рейхстаг қабырғасына өз қолтаңбасын қалдырған адам. Ардагер майдандағы ерліктері мен еңбектері үшін Қызыл жұлдыз орденімен, «Германияны жеңгені үшін» және «Варшаваны азат еткені үшін» төс белгілерімен марапатталған. Мамаевтар отбасында 5 бала дүниеге келген. 8 немере, 6 шөбере көрген.    

                

10.10.2017