A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Сенбілікте 1212 текше метр болатын қоқыс шығарылды

Алматы қаласының әкімі А.С.Есімовтың қаулысына сәйкес ауданда ауданды көріктендіру және санитарлық тазалау бойынша сенбілік өткізілді.

Сенбілікке 26 315 адам қатысты.Бұдан басқа мердігерлік және қоқыс шығаратын ұйымдардан 1773 жұмысшы сай және қоқыс көп жиналған орындарды тазартты. Аумақтарды тазартудан басқа ағаштарды әктеу, гүл отырғызу және қоршауларды сырлау жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ сенбілік шарасы ауданға жаңа қосылған Әлмерек, Қайрат, Колхозшы кенттерінде де ұйымдастырылды. Аталған ықшам аудандарында 500-ге жуық ағаш көшеттері отырғызылса, Құлжа тас жолында 1300 ағаш әктелген. Жалпы қала болып ұйымдастырылған сенбілік шарасына ПИК жұмысшылары мен көппәтерлі үйдің тұрғындары да атсалысты, олар бау-бақшаларын, аулаларды тазартып,Шағын Сәулет Формаларын сырлап, ауладағы ағаштарын әктеді. ПИК жұмысшыларын ынталандыру мақсатында үш номинация бойынша байқау ұйымдастырылды.

1) құрамында 1-ден 5-ке дейінгі үйлері бар ПИК,

2) 5 -тен 20-ға дейінгі үйлер,

3) 20-дан және оданда көп үйлері бар ПИК.

Нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, марапаттарға ие болды:

1) құрамында 1-ден 5-ке дейінгі үйлері бар ПИК номинациясы бойынша

1 орын - «Орион» ПИК - төрайымы Бордоханова Қарлығаш Болат қызы

2 орын - «Рассвет» ПИК - төрайымы Марчукова Татьяна Николаевна

3 орын - «Экспресс» ПИК төрайымы Мамбетов Марат Казеулович

2) 5 -тен 20-ға дейінгі үйлер

1 орын - «Станкостроитель» ПИК, төрайымы Качанова Светлана Геннадьевна

3) 20-дан және оданда көп үйлері бар ПИК.

1 орын - «Малахит» ПИК, төрайымы Демидова Елена Алексеевна

2 орын «Гаухар» ПИК, төрайымы Шиховцева Анна Хабировна

3 орын «Әсел» ПИК, төрайымы Нұртазина Светлана Әмірғазинқызы

Сенбілікте қоқыстарды жинауға 177 бірліктегі техника күші жұмылдырылып, 1212 текше метр болатын қоқыс қала сыртындағы полигонға шығарылды.

11.04.2015