A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Алматы қаласында Түрксіб ауданында «Мерейлі отбасы» конкурсын өткізу бойынша хабарландыру
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласында Түрксіб ауданында «Мерейлі отбасы» конкурсын өткізу бойынша хабарландыру

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы туралы» өкімін орындау үшін Алматы қаласының аудандарында  «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурстың 1 кезеңі өткізілуде.

Байқаудың мақсаты – өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға, ерлі-зайыптылық жауапкершілігінің маңыздылығын мойындау, балаларды тәрбиелеуде ата – ананың жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ,  Қазақстандық отбасының жағымды имиджін үгіттеу болып табылады.

Конкурсқа қатысуға мүшелері еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік салада, ғылымда жоғары жетістіктерге жеткен отбасылар жіберіледі.

Конкурсқа қатысуға өтінем аудандық (қалалық) комиссияға мынадай құжаттармен бірге беріледі:

1. Ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;

2. Асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін – жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;

3. Неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);

4. Ата-аналарының біреугі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);

5. Балаларды тәрбилегені үшін алған көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін алған көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

6. Балалардың, ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жұмыс (оқу) орнынан анықтамалар және мінездемелер;

7. Ұсынымдар (әріптестерінің, көршілерінің, достарының);

8. Отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік саладағы, ғылымдағы жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері.

Аудандық конкурсқа қатысу үшін құжаттарды 2016 жылдың 1  сәуірінен 30 сәуіріне дейін Алматы қаласы, Түрксіб ауданы әкімінің аппараты,  Шолохов көшесі, 9; каб. 207. Байланыс телефоны: 223-11-15, 8 702 290 60 01. 

11.04.2016