A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қыс мерзімінің жабылуы» атты «Бұтақты шатқалында» өткен экологиялық акция.

Алматы қаласы Білім басқармасының «№7 Оқушылар үйі» МКҚК мен «Іле Алатауы» мемлекеттік  ұлттық  табиғи паркі  мекемесімен  бірлесіп «Бұтақты шатқалында»  «Қыс мерзімінің жабылуы» атты экологиялық акция өткізілді. Алматы қаласы Білім басқармасының  «№7 Оқушылар үйі» МКҚК директордың оқу- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абирова Жанатгүл Талипканқызы мен бұқаралық бөлім меңгерушісі Ақатаева Айгерім Рахатқызы  Түрксіб ауданы бойынша ЖББ №20 мектептің аға тәлімгері Нұрғайып Аида және мектеп «Ұланбасы» Селищева Дарья, №59 мектеп гимназиясы аға тәлімгері Қуанышбаев Бейбіт, мектеп белсенділері Сарсенбек Назым, Еренбаева Айдана, ЖББ № 84 мектеп белсенділері Базарбай Рауан, Мыңжанов Жәнібек, Құмархан Әлібек, Әбдіқанов Рүстем,  «Ұланбасы» Қанатова Анель,  ЖББ №115 мектеп аға тәлімгері Таубаева Фатима,  «Ұланбасы» Алтынбек Нұрдаулет, ЖББ №142 мектеп аға тәлімгері Нусипбекова Назым  және мектеп белсенділері Мұратханов Тоқтамыс, Каримов Руслан, ЖББ №162 аға тәлімгері Нуржауова Алуа, мектеп белсенділері Архарбеков Азат, Хамзин Даулет, Романкулов Ерасыл, ЖББ №195 мектеп аға тәлімгері Серіктөлеу Ботакөз бен  9 сынып оқушылары Саутақын Аяжан, Турсунова Анель, ЖББ №198 мектеп «Ұланбасы» Әбу Әділеттерді  қатыстыра отырып, іс- шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысты.  «Іле Алатауы» мемлекеттік  ұлттық  табиғи паркі  мекемесі әдіскері Нүрбике Манапқызы оқушыларға  Жетісу маржандарының бірі саналатын теңдесі жоқ әсем табиғатымен таңқалдырған табиғи  ұлттық саябақ туралы және осы көзтартар мекенде демалушылардың табиғатты ластамауларын,  өрт , техника қауіпсіздігін сақтау керектігін  айтып берді.  Бұтақты шатқалына таңмен таласа жиналған «Жас Ұландықтарды» Нүрбике Манапқызы  қыс мерзімінің жабылуымен құттықтады. Өз кезегінде экологиялық іс- шараға қатысушы белсенді оқушылар  алдағы уақыттарда осындай игі істерге жиі – жиі қатысатындықтарын және демалуға мүмкіндік берген парк ұжымына зор алғыс айтып,  ЖББ № 84 мектеп белсенділері Базарбай Рауан, Мыңжанов  Жәнібек , Құмархан Әлібек «Бақыт құсы», «Әуенай», «Қазақстан, Алға» әндерін, ЖББ№ 195 мектеп аға тәлімгері Серіктөлеу Ботакөз «Ғашығым», «Undo»  әндерін орындап акцияға қатысушыларға көтеріңкі  көңіл- күй сыйлады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Жарлығына сәйкес,

 «1 наурыз — Қазақстанда Алғыс айту күнімен» тұспа тұс келген акцияға қатысушылар бір- біріне, ұстаздарға, орманшы қызметкерлерге  алғысын білдіріп, қызықты ойындар ойнап, топтарға бөлініп флеш – моб билеп, таудан төмен қарай  сырғанап, атпен серуендеп , әсем табиғат аясында суретке түсіп мәз мейрам болды.  «Іле Алатауы» мемлекеттік  ұлттық  табиғи паркінің таза ауасы, мөлдір тау суының сыбдыры, құстардың дауысы, көкжиектен көрінген күннің сәулесі ерекше сезімге бөледі.



15.03.2016