A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • 15 сәуір – Ұлттық ғашықтар күні» мерекесі және «ҚР тәуелсіздігіне – 25 жыл», «Алматы шаһарына - 1000 жыл» толуына орай VІ аудандық«Жігіт сұлтаны - Көктем аруы» байқауы
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

15 сәуір – Ұлттық ғашықтар күні» мерекесі және «ҚР тәуелсіздігіне – 25 жыл», «Алматы шаһарына - 1000 жыл» толуына орай VІ аудандық«Жігіт сұлтаны - Көктем аруы» байқауы

2016  жылдың  15 сәуір күні  Алматы қаласы Білім басқармасының «№7 Оқушылар үйі» МКҚК ұйымдастыруымен шынайы махаббат символдары – Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу, Еңлік пен Кебек, Төлеген мен Қыз Жібек сынды ұлтымыздың нағыз махаббат қаһармандарын жастар арасында кеңінен насихаттау, солар арқылы жастардың назарын ұлттық құндылықтарымызға, асыл жауһарларымыз, салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызға аудару мақсатында  атадан балаға мирас болып келе жатқан халқымыздың ұлттық салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын дәріптеу барысында «15 сәуір  - Ұлттық ғашықтар күні» құрметіне орай «Жігіт сұлтаны - Көктем аруы» дәстүрлі  VІ аудандық байқауы өтті.

Алматы қаласы Білім басқармасы «№7 Оқушылар үйі» МКҚК  директоры Даулбаева Айнұр Мұратқызы: Қазақ «Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса, игі» деп ұлын ғұмырының жалғасы санаған. «Ұлын ұяға, қызын қияға» қондыруға асыққан. Ата-салтын сақтаған текті ұрпақ тәрбиелеген. Сондықтан болар, қазақта адам ғұмырының көктемі табиғаттың көктемімен астасып , үйлесім тапқандай. Бұлай дейтін себебіміз, көктем мерекесі ғашық жүректердің тоғысқан сәті  Қозы Көрпеш – Баян Сұлу күні құтты болсын!»-деп «Ұлттық  ғашықтар күні» мерекесімен құттықтады.

Байқау талабына сәйкес салт-дәстүр, ұлттық ойындар, ұлттық киім, тағам түрлері, ат әбзелдеріне қатысты сұрақтарға жауап беріп, «Махаббат- мәңгі ертегі» атты  қазақ халқының ғашықтар әлеміндегі символдары «Қозы Көрпеш –Баян сұлу», «Қыз Жібек- Төлеген», «Қалқаман- Мамыр» т.б ел аузында мақтанышпен айтылатын жұптардың рөлдерін сомдау арқылы көріністер  көрсетіп, көпұлтты Қазақстанның ұлттар биін шебер биледі.

 Алматы қаласы Білім басқармасы «№7 Оқушылар үйі» Әдістемелік бөлім меңгерушісі Саржезденова Сымбат Иембердіқызы; «№8  Оқушылар үйі»  МКҚК педагог - ұйымдастырушы , театр танушы Бадан Жанат Дәнебайқызы; «Достық» би тобының жетекшісі, педагог-хореограф  Баякенова Роза Бауыржанқызы жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар Жігіттің сұлтаны мен Көктемнің көрікті  аруын анықтап, № 59 мектеп –гимназия – Сайтжанова  Анель, Аманбек Бауыржан  І ОРЫН, №198 мектеп – Нұрпейісова Жібек, Лукпанхакимов Диас ІІ ОРЫН, ЖББ №84 мектеп –Тұрахан Жасұлан, Амангельдиева Асель ІІ ОРЫН, ЖББ № 31мектеп –Пернебек Абзал, Қаратай Аршат  ІІІ ОРЫН,     ЖББ №162 мектеп – Құдайберді Несібелі , Қуандық  Дастан ІІІ ОРЫН,    ЖББ №115 мектеп –Дүйсенбина Сания, Орынбасар Алмас  ІІІ ОРЫН иеленсе, № 59 мектеп –гимназия – Байдамбеков Мадияр, Иренші Жансая, №11 мектеп – Барсуков Руслан, Стовбун Регина белсене қатысқаны үшін мадақтамамен марапатталды. Тұрдығазы  Ұланның орындауындағы "Қазақ қызы",  «Тарту» вокалды тобының «Мерекем», «Әсем ән», «Тек алға» әндері көрерменге көтіріңкі көңіл- күй сыйлады.

«№7 Оқушылар үйі» МКҚК

Бұқаралық бөлім меңгерушісі Әйгерім Ақатаева                      

15.04.2016