A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Тіл шебері

Бүгін №74 ЖББ мектептің мәжіліс залында Түрксіб аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен аудандық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тіл шебері» қалалық байқауының аудандық іріктеу кезеңінің жеңімпаздары анықталды.

Бұл шараның негізгі мақсаты үш тілді - қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау көрсету,мемлекеттік тілдің қолдану мәртебесін арттыру; іскерлік және халықаралық қарым-қатынас құралы ретіндегі тілдерді жастардың меңгеру деңгейін анықтау,тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып,көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық рухани бірлікті нығайту болып табылады. Байқауда аудан бойынша 18-25 жас аралығындағы 15 үміткер білімдерін келесідегі төрт бөлім бойынша сынады.

«Ұлттаным» - қазақ елі тарихы мен ұлы тұлғалары жөніндегі сұрақтарға қазақ тілінде жауап беру; «Мәдениеттаным» - қазақ халқының салт-дәстүрі, ділі мен тілі жөніндегі сұрақтарға орыс тілінде жауап беру; «Елтаным» - ситуациялық жағдай. Қазақ елі, оның аймақтары жөнінде ағылшын тіліндегі тапсырмаларды орындау; «Өнертаным» - байқауға қатысқан әр ұлт өкілінің өз ана тілінде өнерін көрсетуі (ел бірлігі мен халық достығы, қазақстандық патриотизмді насихаттайтын қара сөз, монолог, өлең, ән орындау).

Нәтижесінде 1-орынды №31 ЖББ мектептің мұғалімі Айсаева Мальвина Аликқыз, 2-орынды №74 ЖББ мектептің мұғалімі Смағұлова Динара Асқарқызы, 3-орынды Азаматтық авиация академиясының студенті Жақиева Махаббат Мақсатқызы иеленді. Жеңімпаздар аудан әкімі В.Устюговтың алғыс хатымен марапатталып, қалалық байқауға қатысу үшін жолдама алды.

17.04.2015