
Бүгін «Мейірім» мүмкіндігі шектеулі балаларға және жасөспірімдерге арналған оңалту орталығы» жеке қорының ғимаратында мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдер үшін аталған қор және Түрксіб аудандық әкімдігі бірлесіп фестиваль өткізді.
Фестивальдің мақсаты – балалардың салауатты өмір салтын және мәдениетін қалыптастыру, пайдалы тамақтануды үйрету.
«Мейірім» сауықтыру орталығында өткізілген «Дұрыс тамақтану мектебі» атты қалалық фестиваль-байқауына №10, №27, №78, №125, №98, №186, №116, №52, №142, №10 мектеп оқушылары,сонымен қатар «Мейірім» СО балалары қатысты. «Дұрыс тамақтанудың білгірлері» жүлделі орынды №125 және №103 мектептің, «Мейірім» СО-ның балалары ие болды. Қалған командаларға қазылар алқасының шешімі бойынша әртүрлі номинациядағы жүлделер берілді: №52 мектеп «Сүт әлеміндегі денсаулық», №№178,142,98 мектеп «Сау болу сән», №10,27 «Жеміс-жидек карнавалы», №186 мектеп «Зиян келтіретін азық-түлікке»Жоқ! деп айт», №116 мектеп «Дұрыс тамақтану- денсаулық кепілі»
Аталған байқау үш номинация бойынша өткізілді:
1.Команданы таныстыру
2. «Дұрыс тамақтану мектебі» бағдарламасына арналған сабақтардан үзінді көрсету
3. «Дұрыс тамақтану мектебі» бағдарламасына арналған музыкалық-театрландырылған қойылым