A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Наурыз Думан – 2016»

Алматы қаласы Білім басқармасының «№7 Оқушылар үйі» МКҚК ұйымдастыруымен Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында «Жұлдыз» ықшам ауданы тұрғындарына арналған  «Наурыз Думан - 2016» мерекелік концерті өтті. «7 Оқушылар үйі» ұстаздарынан құрылған «Гүлдәурен» тобы қазақ халқының «Тұсаукесер» салтын көрсетіп, күллі тіршілікке шаттық нұрын сыйлаған Ұлыстың Ұлы күні «Наурыз мейрамымен, сондай – ақ, биыл қазақ елі үшін ең ұлық күн саналатын бабалардың ұлы  арманы, аналардың ақ тілегі болған «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне - 25 жыл», «Алматы шаһарына – 1000 жыл» толуыменбарша халықты шын жүректен құттықтады.

Құлақ құрышын қандырар қазақтың қара домбырасынан төгілген әсем күйден кейін жаңғыру мен жасару , әсемділік пен нәзіктік, мейірімділік пен рақымшылық белгісі Ұлы дала елінің ұлық мерекесі Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамымен құттықтау сөз Алматы қаласы маслихатына депутаттыққа кандидат Оспанов Болат Мұсағажыұлына берілді. Өз кезегінде құрметті қонақ : «Ұлыстың Ұлы күні «Наурыз мейрамы» біздің еліміздің көпұлтты халқын бір аспанның астында біріктіреді! Ол табиғаттың көктемгі жаңғыруын, адамзаттың рухани өсуін және әр отбасына, әр шаңыраққа қуаныш әкеледі.  Күн мен түн теңеліп, тіршілік тынысына тылсым өзгеріс алып келетін әз- Наурызда аспандарыңыз ашық, көктемдеріңіз көңілді, мерекелеріңіз мерейлі болсын!», - деп тілек білдірді. 

Алатаудың баурайында орналасқан оңтүстік астананың, яғни Алматы қаласының мәртебесі мен символына айналған , талайлардың «Алматының апорты – ай» дегізген , иісі мұрыныңды жаратын алқызыл апорт алмасы шаһарымыздың үлкен мақтанышы. «Балдәурен» вокалды тобының әншілері Жоламан Алтынайдың орындауындағы «Алматының алмасы» әні, «Балдәурен», «Тарту» вокалды тобы әншілерінің әнін сүйсіне тыңдаса, «Достық», «Арман» би тобының орындауындағы әсем билерді қол соға қарсы алды. Барша қазақстандықтардың ортақ той думаны, қырларда қызғалдақ бүршік атып, Табиғат — Ана гүл көрпеге оранатын көктем айы, ата-бабаларымыздың қорада қойы қоздап, түйесі боздап, бір малы екеу болып, аузы аққа тиіп, мол ырысқа кенелетін, халқымыздың арқасы кеңіп, арқа-жарқа, мәз-мейрам шаттыққа бөленетін шағы Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамына арналған концерттің соңында «Балдәурен» вокалды тобының әншілері 

«Өз елім» әнімен мерекелік іс-шараны тәмамдады. 

Бұқаралық бөлім меңгерушісі:  Айгерім Ақатаева

18.03.2016