A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Қала күні мерекесі тойланды

Жексенбі күні №6 Балалар шығармашылық үйінің алдында аудан жұртшылығы қала күнін атап өтті. Қыркүйек айының үшінші жексенбісі тұрғындар мен қала қонақтары үшін үлкен мереке. Бұл мереке жыл сайынғы қалыптасқан дәстүр бойынша кеңінен тойланып келеді.

Мерекелік шараға жиналған көпшілік аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өтетін шараға ден қойды. Шараны аудан әкімі В.Устюгов ашып, алматылықтарды мерекемен құттықтап, отбасыларына амандық, елімізге тыныштық тіледі.

Салтанатты құттықтаудан соң аудан әкімі В.Устюгов ауданның өркендеуіне, экономикасын көтеруге және көркейту, көріктендіруі бағытындағы жұмыстарға қосқан үлесі үшін бірқатар азаматтарды және отбасылық спорт жарыстарында жүлдеге ие болғандарды аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттап, естелік сыйлықтарды тапсырды.

Одан кейін көпшілікке жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасы ұсынылды. Шара барысында келген қонақтарға ыстық бауырсақтар мен алматының тәтті алмалары үлестірілді.

20.09.2015