A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа жылдық шырша мерекесі

Бүгін №83 МГ ғимаратында, Әуежай мәдениет үйі мен №6 Оқушылар үйінде  аудан әкімінің қайырымдылық шыршасының шамы жағылды. Қуаныш пен шаттықтың шуағын шашқан Жаңа жылдың мерекелік шыршасына мүгедек балалар және аз қамтылған көп балалы отбасынан шыққан балалар қатысты.

Жыл сайын Жаңа жыл шыршасынан күтетін бүлдіршіндердің асыл арманы мен үлкен үмітін аудан әкімі шынайы мерекеге айналдырды. Әдемі безендірілген қызылды-жасылды ойыншықтары жарқылдаған алып шыршаның маңына жиналған балалар Аяз Атаны ерекше ықыласпен қарсы алды. Мерекенің бас кейіпкері бүлдіршіндерді Жаңа жылмен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Бұдан соң балалар бір-бірінің қолдарын ұстап, шыршаны айналып ән салды, әуен ырғағымен биледі. Бұдан кейін көңілді топ Жаңа жыл «иесі» - Мешін жылын қошеметпен қарсы алды.

Шара соңында шырша мерекесіне келген балаларға тәтті кәпиттер толтырылған сыйлықтар таратылды.

Алдағы уақытта бұл жаңа жыл мерекесі 28-желтоқсан мен 29-ы аралығында жалғасатын болады.

24.12.2015