A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«АЛМАТЫМ ЖҮРЕГІМДЕ»

Алаштың Алматысына таңданбайтын жан жоқ шығар, сірә! Ертегідей өсіп, өркендеп келе жатқан, мыңжылдық мерейіне көтерілген Алматыны қалай мақтаса да ешкімнің таласы болмас. Алматы- жүректің жыры, бейбітшіліктің ордасы! Биыл қазақ елі үшін мерейлі мерекелердің бірі «ҚР Тәуелсіздігіне – 25 жыл», «Алматы қаласына – 1000 жыл» толмақ. Осы айтулы мерекелер қарсаңында Алматы қаласы Білім басқармасының «№7 Оқушылар үйі» МКҚК ұйымдастыруымен 2016 жылдың 25 мамыр күні «№7 Оқушылар үйі» көркемөнерпаздардың «Алматым жүрегімде» атты  жылдық есеп беру концерті өтті.

«Адамның сәні – өнер, білімі мен ақылы» деген екен Жетес шешен. Әр балаға қуаныш, ұмытылмас әсер сыйлайтын, оның көркемдік талғамын, еліктеуімен қиялын дамытатын өнердің бірі –театр. Қазақ өнер жұлдыздарының бірі Ш. Айманов «Театр- адамдарды туыстыратын шығармашылық отбасы, сахна өнері- тіл жетпес құдыретті өмір шындығын білу, яғни адамның сахнаны сүймеуі мүмкін емес» деген сенімде болған. Театр өнерін жетік меңгерген «Толағай» драма театры және «Ақерке» би студиясы «Муха- Цокотуха», «Жеті лақ» ертегілерінен үзінді қойса, «№7 Оқушылар үйі» МКҚК  «Халық аспаптар» ансамблі  «Попури», «Нәр ағашы» күйлері,  «Салем Астана», «Бозторғай», «Күншуақ» т.б Республикалық байқаулардың жеңімпаздары «Ақерке» би студиясының орындауында «Қамажай», «Веселая ярмарка», «Балауса», «Барбарики», Беларус халық биі,   Республикалық, Халықаралық  «Салем Астана», «Күншуақ» , «Рауан» байқауларының жеңімпаздары «Достық» би ансамблі «Шашу» , «Хорезм», «Балдырған», «қыздар вальсы» және «Өзбек», «Ұйғыр» халық билері, Республикалық «Биші қайың» байқауының жеңімпаздары «АИС» би тобы «Гномики», «Өзбек», «Орыс» халық билері, қалалық, Республикалық, Халықаралық байқауларының жеңімпаздары «Айгөлек» би тобы, Республикалық «Рауан» байқауының ІІ орын иегерлері «Әйкерім» би тобы «Бүлдіршіндер», «Шаттық», «Хорезм» билері,  халықаралық  байқаулардың жеңімпазы Базарбай Рауанның орындауында «Қазақстан, Алға», «Балдәурен» вокалды тобының орындауында «Бақыт құсы , «Әуен - ай»әні,  Ангелина Ложникова «Диабеле» романс из Сонатины, Гопп Элла Пол де Сенневиль «Баллада для Аделины», «Тарту» вокалды тобының әншісі Әкімхан Әділеттің орындауында «Елге сәлем», Кеңесұлы Әлімжанның орындауында «Қазақстан» әні, VII  Республикалық патриоттық ән-би байқауларының  І орын,  Республикалық  «Күншуақ» байқауының жеңімпаздары «Жас дәурен» хор  ұжымы «Қазақстан қыран далам», «Чех полькасы», «Тарту» вокалды тобы  «Черный кот», «Здравствуй, солнышко» әндерін тарту етті. Гүл қала, нұр қала, жыр қала Алматыға арнап «Керім -ай» сән театры «Алматы» коллекциясын ұсынды.

«Біртұтас Еліміз – Мәңгілік Ел қуатты болсын! Қазақстанның Мәңгілік мекені – Ұлы Дала еліне бата қонып, бақ дарысын! Алатаудың баурайында орналасқан оңтүстік астанамыз Алматы қаласы асқақтап, өркендей берсін!» -деп, «Алматы шаһарына 1000 жыл» толуына орай «Алматы жүрегімде» атты көркемөнерпаздар концертінің соңында «Балдәурен» вокалды тобының орындауында «Өз елім» әнімен мерекелік іс- шараны тәмамдады.

Бұқаралық бөлім меңгерушісі: Айгерім Ақатаева 


25.05.2016