A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын талқылауға арналған жиын өткізілді

Бүгін аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және «2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы стратегияларындағы жемқорлыққа қарсы әрекет және алдын-алуды» талқылауға арналған жиын өткізілді.

Аудан әкімі В.Н.Устюговтың төрағалық етуімен өткен шараға Түрксіб ауданы бойынша қалалық мәслихаттың депутаттық корпусы, аудандық мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдардың бірінші басшылары, ЖОО, ОББМ-нің ректорлары, денсаулық сақтау, білім беру мекемелерінің басшылары, жергілікті өзін-өзі басқару комитеті, «Жас қанаттың аудандық филиалы» белсенділері және «НұрОтан» партиясы қатысты.

Семинарға қатысушылар күн тәртібінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және «2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы стратегияларындағы іс-әрекеттер және алдын-алу» тақырыбы төңерегінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимал агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департамент басшысының орынбасары - тәртіптік кеңес төрағасы Камалов Бахтияр Камалұлы, аудан әкімі В.Н.Устюгов, «Нұр Отан» партиясының жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қоғамдық кеңестің жүргізілген жұмыстары туралы «Нұр Отан» партиясының аудандық филиал төрағасының орынбасары С.Қазытайқызының дайындаған баяндамалары тыңдалды.

Іс-шара соңында семинарға қатысушылар пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салып, көкейінде жүрген сұрақтар қойылып мынадай мәліметтер қабылданды:Алматы қаласы Түрксіб аудандық мемлекеттік және құқық қорғау органдарына «2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны және көлеңкелік экономикаға қарсы әрекетті жүзеге асыру бойынша 2015-2017 жылдарға арналған Алматы қалалық Іс-шара жоспарын сапалы орындаумен қамтамасыз ету; аудандағы сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша жасалып жатқан жұмыстарды жүйелі түрде халыққа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялап отыру; аудан әкіміне осы мәселе төңерегінде өткізіліп жатқан басқа да іс-шараларды хабарлап отыруды ескертті.

26.08.2015