A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Жаңа туылған баланы өз уақытында тіркеу» тақырыбындағы дөңгелек үстел

Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімінің мәжіліс залында «Жаңа туылған балаларды өз уақытында тіркеумен қамтамасыз ету» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Аталған шараға қамқорлық және қамқорлыққа алу білім бөлімінің өкілі Ү.Кенжебекова, Түрксіб аудандық ІІБ ЮПБ басшысы полиция капитаны Н.С.Ахметқанова, Алматы қаласы ББ КБО орынбасары М.К.Несіпбаев,№13 МК бөлім меңгерушісі Н.Г.Махмұтова қатысты.     

Дөңгелек үстел шарасында аудан әкімі аппаратының АХАТ бөлімінің басшысы Ж.Дүйсембаева жаңа туылған баланы тіркеу тәртібі және өз уақытында тікеуге кедергі келіретін кейбір мәселелер туралы баяндамасын оқыды.  

Тақырып төңерегінде жасалған баяндамалар тыңдалып, пікір алмасудан кейін келесідегідей ұсыныстар енгізілді:

1. Мектеп бойынша туу туралы куәлігі жоқ оқушыларды анықтап аудит жүргізу.

2. Мектепке дейінгі құжатсыз жүрген балаларды анықтау үшін  микроучасток бойынша түгендеу жүргізу.

3. Түрксіб ауданындағы әйелдер консультацияларында жаңа туылғандарды өз уақытында тіркеу бойынша тақталарға  түсіндіру туралы  жаднама мен ескертпелерді ілу.    

4. №4 перзентханадағы стендтке туылған баланы өз уақытында тіркеу бойынша түсіндіру ескертпелерін ілу. 

28.04.2016