A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын түсіндіру

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында қылмыскерлікпен күрес және жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша аудандық Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өткізілді. Үйлестіру кеңесінің отырысында аудандық медициналық бірлестігі қызметкерлерінің жемқорлыққа қарсы Заңнамасын сақтау туралы мәселе қарастырылды. Кеңестің отырысына аудан әкімі В.Устюгов, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының орынбасары Қазытайқызы Сақыш, жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағасы Убулов Османжан Тұрсынұлы, аудан әкімінің орынбасарлары,әкім аппаратының бөлім басшылары, аудандық қызметтер мен құрылымдарының басшылары, аудандық медицина саласының қызметкерлері қатысты.

Күн тәртібінде аудандық аудандық медицина бірлестігінің бас дәрігері К.М.Темірова, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының орынбасары Қазытайқызы Сақыш, жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағасы Убулов Османжан Тұрсынұлының  тақырып төңерегінде жасаған баяндамалары тыңдалды. Қатысушылардың баяндамалары мен пікірлері тыңдалғаннан кейін Үйлестіру кеңесі мынадай шешім қабылдады:

- жемқорлық жолын алдын алу бойынша жұмыстарды үнемі жүргізіп отыру, аталған мәселемен айналысатын арнайы мекеме мамандарының қатысуымен лекция және семинарлар өткізуді жалғастыру;  

-        жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын түсіндіру бойынша аудандық медицина қызметкерлерінің құқықтық оқуларының сапасын көтеру.

-        «сенім телефоны»,  жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен хаттары үшін пошталық жәшіктерінің жұмыс істеуін кеңейту. 

-        медицина бірлесітігінің қызметкерлері   Түрксіб аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалымен жемқорлықпен күрес мәселесі бойынша өзара тығыз байланыспен қамтамасыз ету.  

29.09.2015