A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Наурыз мерекесі

Бүгін «Византия» мейрамханасында аудандық мүмкіндігі шектеулі балаларға үйден әлеуметтік көмек көрсету бөлімі және жұмыспен қамтыу және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап «Дае Джон» ЖШС және «ERBIL» комплексінің көмегімен Наурыз мерекесін өткізді.

Мерекелік шараның негізгі мақсаты Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу, балаларды мәдени іс-шараларға қатысуға үйрету және өз қабілеттіліктерін жүзеге асыруға мүмкіндік беру болып табылады.

Мүмкіндігі шектеулі 150 бала шақырылған мерекелік шарада келген қонақтарды ұлттық киім киген әлеуметтік қызметкерлер көтеріңкі көңіл күймен қарсы алды. Балаларды Наурыз мерекесімен құттықтаған жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қ.Толысбаева оларға денсаулық тіледі.   

Мерекелік шара барысында әлеуметтік қызметкерлер «Арқан тарту», «Қыз қуу» ұлттық ойындарын ұйымдастырды.

Шара №7 оқушылар үйірмесінің дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты.

31.03.2015