A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Шын жүректен» көңілдерге нұр құйды

Түрксіб ауданының әкімдігі Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесі аясында жүз адамға, оның ішінде Ұлы Отан соғысы ардагерлері, тылда еңбек еткен қарттар және құрметті еңбек демалысындағы наурыз айында туылған мерейтой иелеріне арнап ақ дастархан жайды.

Аудан әкімі Устюгов Владимир Николаевичтің мұрындық болуымен «Ашот» мейрамханасында дәстүрлі түрде ай сайын өтетін «Шын жүректен» іс-шарасының концерттік бөліміне жауапты Алматы қаласы білім Басқармасының «№ 7 Оқушылар үйі» МКҚК өнерпаздары аса үлкен дайындықпен қатысып, өз өнерлерін көрсетеді. Қонақтарды құттықтаған аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Байгудинова Ғалия Асқарқызы алда келе жатқан сайлауға бір кісідей қатысуға шақырды. Қашанда қарттарымыз қоғамдағы барлық өзгерістер мен жаңалықтарды жатсынбай қабылдап,түрлі әлеуметтік мәселелер төңірегінде өздерін толғандырған жәйттерді, шешімін таппаған істерді ортаға сала жүретін және жастардың ақыл-кеңесшілері ретінде де сайлау науқанында белсенділік танытып, үлгі көрсете білетіндіктеріне сенетіндігін жеткізді.

№7 Оқушылар үйі тәрбиеленушілері «Балдәурен» вокалды тобының әншілері Базенова Гаухар мен Жоламан Алтынай әуезді әсем әндерін әуелетсе, «Аллегро» би тобының мың бұралған биші қыздары «Қамажай», «Хорезм» билерімен көпшіліктің көңілінен шықты. ҚР Еңбек сіңірген әншісі, сазгер Фархад Ескенеев орындаған лирикалық әндері мен сол сұрапыл соғыс жылдарындағы отты жырлары отырыстың көркін қыздыра түсті. Наурыз мейрамы әр шаңыраққа бақыт, табыс, қуаныш әкелсін. Тойымыз тойға ұлассын, қымбатты ардагерлер!

Алматы қаласы білім Басқармасының «№ 7 Оқушылар үйі» МКҚК директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Т.Абирова.

31.03.2015