A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Аудан әкімі 100 жасқа толған Наталя Смоленкованы құттықтады

Түрксіб ауданының әкімі Кулагин Павел Сергеевич 100 жасқа толған аудан тұрғыны Наталья Смоленкованы құттықтап, гүл шоғын сыйлады.   

Смолянкова Наталья Ивановна 1917 жылдың 20-тамызы күні Ресейде Тамбовка ауданы Новоямск Ламск ауылында дүниеге келді.

         Каменскилер отбасында Наталья Ивановадан басқа 4 ағасы мен 3 сіңлісі болған. Новоямск ауылында орта мектепті аяқтады.

         1939 жылы Каменскилер отбасы Алматы қаласына көшіп келген. Соғыс жылдарында ағалары майданға аттанып,екеуі соғыста қайтыс болған. Соғыс жылдарында Наталья Ивановна әскери киімдерді тігіп, соғыстан кейін әскери  бөлімшеде жұмыскер ретінде еңбек етті.

1946 жылы Қызыл әскер қатарында артиллерист ретінде қызмет еткен, ерлік пен батылдығы үшін Қызыл әскер жұлдызы орденімен, соғыс жылдары басқа да медальдерімен марапатталған,  Ұлы Отан соғысына қатысушы еңбекқор жігіт Смолянков Дмитрий Осиповичке тұрмысқа шыққан.

         Смолянковтар отбасында 3 қыз дүниеге келді, қазір сол қыздарынан 8 немере және 14 шөбере сүйіп отыр.Қыздарының алды зейнеткерлікте.Аудан кәсіпорындарында экономист, бухгалтер ретінде жұмыс істеп жүр. Немерелері де экономика саласында жұмыс жасауды жалғастыруда.

         




22.08.2017