A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Әлмерекке» пошта қызметі жетпей тұр

Түрксіб ауданының әкімі Владимир Устюговтың ел алдындағы алғашқы есепті жиындары №76 мектеп пен Әуежай мәдениет үйінен басталып, №32  мектепте жалғасын тапты. Кездесуге аудан бойынша қоғамның әр саласында еңбек ететін жұмысшылар, бюджеттік сала қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, үкіметтік емес ұйымдар мүшелері, зейнеткерлер мен жастар шақырылды. Сонымен қатар, есепті жиынға қалалық мәслихаттың депутаттары  Болат Оспанов, Дмитрий Петрухин  қатысты.

Жиынның шымылдығын аудан әкімі Владимир Устюгов өткен жылы атқарған жұмыстары туралы есепті баяндамасымен ашты Аудан әкімі өз баяндамасында алдағы атқарылар міндеттерге жан-жақты тоқталып, жұртты мазалап жүрген кейбір мәселелердің мән-жайына үңілді. Жалпы, аудан әкімінің іскерлігі әзірлеген баяндамасынан байқалды. Қай салада болса да алға ілгерілеушілік бар. Аудан тұрғындарының өткен жылғы талап-тілектері барынша орындалыпты. Десек те, жергілікті атқарушы билік өкілдеріне қойылған сұрақтар биыл да аз болған жоқ. Әкімнің кездесуінде күнделікті тірлікте кездесетін күрделі проблемалар мен ауданның бүгіні мен болашағына қатысты мәселелер кеңінен айтылып, ашық талқыланды. Аудан әкімімен жүздесуге аудан жұртшылығы көп жиналды және билікке жеткізсем деген ойларын ашық айтып, қойған сауалдарының барлығына егжей-тегжейлі әрі тиянақты жауаптар алды. Аудан әкімінің баяндамасынан соң «Айша бибі», «Жас қанат», «Төменгі Новостройка» ықшамаудандарының тұрғындары өз аумақтарына газ жүргізілсе деген өтініштерін айтты. Сонымен қатар, қоғамдық көлік, кесілген ағаштар, аудандағы қардың тазалануы да тілге тиек етілді.  Жиында қоғамдық көлік, газ, жылу, көшелерді жарықтандыру және аудандағы қылмыс мәселелері көтерілді. Мәселен, ауданның қарт тұрғындары № 1 автобустың сирек қатынайтынына қапалы екендігін айтып, бұл автобус бағытының жүру уақытын жиілетсе екен деген тілектерін білдірді. Ал, Түрксіб ауданына жаңадан қосылған «Әлмерек» ықшамауданының тұрғындары пошта, дәріхана қызметіне зәру екен.

Жалпы, бұрынғы жылдармен салыстырғанда аудандағы өзекті мәселелер шешімін тауып келеді. Мұны біз аудан тұрғындарының сауал-тілектерінен айқын аңғардық. Жұрт залдың екі жеріне қойылған дауыс күшейткіштерді пайдаланып, ойлары мен ұсыныстарын жаппай айтып, кейбір тұрғындар әкімнен көмек те сұрады. Владимир Николаевич залда отырғандардан түскен сауалдарға жауап беру барысында бірден әр мәселенің мәнісіне үңіліп, мұқият тарқатып, шешілу мүмкіндігін немесе мүмкін еместігінің жай-жапсарын егжей-тегжейлі түсіндіру арқылы өзінің аудан тірлігін бес саусақтай білетінін тағы бір мәрте байқатты. Уәжді жауапқа дау айтушылардың немесе түсінбестік танытушылардың болмауы, аудан тұрғындарының аудан басшысының жұмысына бірауыздан «қанағаттанарлық» деген баға беріп, алдағы қызметіне сәттілік тілеуі аудан әкімінің іскерлігі мен жаңаша ойлайтындығын дәлелдеді.

06.02.2015