A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Бақытжан Сағынтаев Түрксіб ауданында жұмыс сапарымен болды

Бүгін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Түрксіб ауданын аралап, тексеріп шықты. Әкімнің басты назарында «Жас қанат» мөлтек ауданында әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй салу, ескі үйлерді сүру жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру мәселелері болды.

«Жас қанат» мөлтек ауданындағы құрылыс барысын аралап шыққан Б.Сағынтаев тиісті басқармаларға отандық өнімдерді пайдалану бойынша құрылыс компанияларына бақылауды күшейтуді тапсырды.

Аудандық әкімдікке Б.Хмельницкий көшесі бойындағы аймақты абаттандыру, скверді үңгілеу, «Жас қанат» мөлтек ауданының аумағын қосымша жасылдандыру, сонымен қатар қалалық Мобилділік басқармасымен бірге Баймағамбетов көшесінен жаңа тұрғын үйлерге дейін жол салу мәселесін шешуді тапсырды.

«Жас қанат» мөлтек ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша көпәтерлі жеті тұрғын үйлер, 280 орынды бала бақша салынуда. Құрылыс объектілерін биылғы жылдың қыркүйегінде іске қосу жоспарланған.

Бақытжан Сағынтаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесті, ТҮКШ, аулаларды абаттандыру, қоғамдық қауіпсіздікті қамтасыз ету бойынша олар айтқан шағымдар мен ұсыныстарды тыңдады. Бүгінгі күні Түрксіб ауданында 16 ескі үй сүріліп, олардың орнына 803 пәтерлі 39 үй салынған. Бағдарламаны жалғастыру бойынша тағы 28 үй анықталды, 147 аула күрделі жөнделеді, 15 көше жаңарып, 8 км тротуар, 2,6 км арық желісі (2 көше) салынып, ұзындығы 7,8 километрге ағымдағы жөндеу жүргізіледі.

Бұдан соң қала әкімі «Алматы-1» теміржол вокзалының жұмысымен танысты. Оның барысында Б.Сағынтаевқа вокзал қайта жөнделсе, оның өткізу қабілеті тәулігіне 16 мың жолаушыға жететіндігі туралы айтылды. Реконструкция кезінде платформа ұзарады, эскалатор мен лифт орнатылып, жер асты өтпелі жолының, көпдеңгейлі парикнге өтудің көлемі кеңейеді.

Бақытжан Сағынтаев Түрксіб ауданына жасаған жұмыс сапарын мүмкіндігі шектеулі балалардың «Мейірім» реабилитациялық орталығына барумен қорытындылады. Орталық ұжымы мамандардың балаларға көрсететін коррекциялық-дамыту сабақтары, психологиялық-педагогикалық көмектері, емдік денешынықтыру, әлеуметтік-еңбек реабилитациясы, музыкалық, көркем, ойын терапиясы туралы айтты. Орталық церебралды сал ауруына шалдыққан, қозғалу мүмкіндіктері мен даму жағынан шектелген 3 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға арналған.


                                     



02.07.2019