A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қадірлейік қарттарды!» қайырымдылық мерекелік шарасы өткізілді
   

Қарттар күніне орай Алматы қаласы Түрксіб ауданы №167 бөбекжай-балабақшасы күні балабақшада қарияларға арнап «Қадірлейік қарттарды!» атты мерекелік кеш пен қайырымдылық дастархан жайды. №167 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Аршымбаева Советхан Ибинжанқызы қарттарды ұлы мерекелерімен құттықтады.
Қытай Халық Ресаубликасынан қонаққа келген Өзбек Әуезхан әжеміз және қаламыздың зейнеткер атасы Данияров Пернебай сынды ардагерлер құттықтау тілектерін, естелік әңгімелерін ортаға салды. Измайлова Ақмарал Хангерейқызының ұйымдастыруымен «Мерей» мектепке даярлық тобынан құралған «Мерей» ансамблі домбыра және басқада ұлттық аспаптармен халық күйі «Еркем-айды» орындап, би белесе, ортаңғы және ересектер тобының бүлдіршіндері өз өнерлерін көрсетіп, ардагерлердің ыстық ықыласына бөленді. Сонымен қатар балабақшамыздың ән-күй жетекшісі Рысбаева Гүлнәр Жанатқызы домбырамен күй ойнаса, тәрбиеші Монтанаева Ләйла Әзімбайқызы аналарымызға арнап ән айтты.
 Мерекелік дастархан басында балалардың өз қолдарымен жасаған жұмыстарынан естелік сыйлықтар үлестірілді.

    

    

18.10.2017