A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласы күні

Түрксіб ауданының тұрғындары Алматы қаласы күнін атап өтті. Қала күні қала тұрғындарының жыл сайын өткізетін дәстүрге айналған қуанышты мерекелерінің бірі. Аталмыш мереке жастар үшін асық ату, тұмақ ұру, бұқа тарту,арқан тарту,армрестлинг, кір көтеру сияқты спорттық жарыстар ұйымдастырылды. 

Жарыс қорытындысы бойынша әкімнің кубогы мен естелік сыйлықтар тапсырды. Мерекенің негізгі салтанатты бөлігі күннің екінші жартысында яғни кешкі сағат алтыда басталды.Бұл бөлігінде Алматы қалалық мәслихат депутаты Петрухин Дмитрий Иванович және Бадаева Роза Кеңесханқызы қала қонақтарын аталмыш мерекемен құттықтап,отбасыларына амандық және отбасыларына береке тіледі.

Салтанатты құттықтаудан кейін қалалық депутаттар бір қатар азаматтарды қоғамдық-саяси өмірге белесене араласқаны және ерен еңбектері үшін естелік сыйлықтар мен сертификаттарды тапсырды. Атап айтсақ «Ең үздік спорт мектебі»-№84 ЖБМ-тің директоры Ж.И.Сатаева, «Ең үздік денешынықтыру пәнінің мұғалімі» №44 МГ О.М.Куманкинаға, «Ең жас спортшы»- спортсмен №32 А.С.Жантұрсынова, «Ең үздік медицина қызметкері» - №20 емхананың бас дәрігері Г.К Кенжебекова,

«Ең үздік учаскелік полиция инспекторы» -Түрксіб аудандық ІІБ жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы С.А.Шөмішбаев, «Ең үздік аудандық коммуналдық қызметінің жабдықтаушысы» - «Алматы Дормеханизация» ЖШС-нің директоры Ғ.С. Сатмолдаев, «Ең үздік ПИК» -«Парус» ПИК В.Б Иванов, «Ауданның ең үздік аула сыпырушысы» -«Энтузиаст» ПИК Л.П Зубраеваға, «Жекеменшік үйдің ең үздік ауласы»- Сычев Ю.П., М.Н Сычеваға сый-сияпаттар берілді. Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен,флэш-моб, «Shot BAND», «Touch live BAND» вокалдық-аспаптар ансамблінің қатысуымен коцертке жалғасты.



18.09.2017