A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласы Білім басқармасының «№7 Оқушылар үйі» МКҚК бойынша

Алматы қаласы Білім басқармасының  «№7 Оқушылар үйі» МКҚК бойынша

«1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні»  мерекесіне орай  «Бейбіт болсын болашақ!»  атты аудандық би сайысының өткізілуі туралы

А Қ П А Р А Т

    «1  мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні» .1995 жылдың наурызында Дүниежүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномі - Қазақстан халықтары ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.
   Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді.Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды. Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы! Бүгінде әрбір ұлтқа салт - дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Дегенмен бақыт, әділдік, бейбітшілік, жарқын болашақ үшін күрес олардың бәрінің басын біріктірді. Соның дәлелі іспетті Түрксіб ауданына қарасты ЖББ 26 мектептің  оқушылары арасында Алматы қаласы Білім басқармасының  «№7 Оқушылар үйі» МКҚК  ұйымдастыруымен

  «С. Сейфуллин» саябағында «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні»  мерекесіне орай  «Бейбіт болсын болашақ!»  тақырыбында мерекелік   би сайысы өткізілді. Аталған сайыс «Халықтар биі» және  «Заманауи  би»  аталымдары бойынша өтті. «Халықтар биі» аталымы бойынша екі – екі мектеп бойынша  топтастырылған  сайыскерлер әр ұлтқа тән ұлттық киімдерімен, ұлттардың биін нақышына келтіре  билеп, мерекелік шадыман көңіл – күй  сыйлады. Бірінші аталымнан кейін барлық сайысқа қатысушылар қазақ халқының ұлттық биі  «Қара жорғаны»  билеп, киелі шаңырақты көк аспанға әуелете көтеріп, бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүріп жатқан халықтар достығының мызғымас беріктігін дәлелдеді. «Заманауи би»  аталымында сайыскерлегер 1 минут ішінде жылдам әрі бидің ерекшелігін көрсету тапсырылды. Сайысқа бар ерік – жігерлерімен дайындалған сайыскерлер бұл сынақтан да мүдірмей өтті. Жеңімпаздар көпшілік көрерменнің дауысы мен үлкен құрмет – қошеметімен  анықталып, арнайы дайындалған мақтау қағаздарымен марапатталды.  Мерекелік сайыс соңында «Ақерке» халықтық би ансамблі «Флеш моб» билеп, мерекені нұрландыра түсті. 1 - мамыр мерекесі дүниежүзіндегі халықтардың достығы мен бірлігін атау күні десек, бұл  мерекелік іс – шара осының айқын  дәлелі болды. Біздің мемлекет бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы, тыныштықты сақтаушы ел. Ендеше, елімізде бейбітшілік жасасын!
Қазақстан халықтарының бірлігі жасасын! Ынтымақтастық жасасын!


Саржезденова Сымбат  Иембердиевна

                                                                    Алматы қаласы Білім басқармасының «№7 Оқушылар үйі» МКҚК

әдістемелік бөлім меңгерушісі.     

      

                

01.05.2017