A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

КӨЛІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ

Тамыз айының бірінші сенбісінде аудандағы С.Сейфуллин атындағы саябақта көлік қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтті.Мерекелік шараға Халықаралық  «Қазақ тілі» қоғамы филиалының төрағасы К.К.Шалабаев, Мәжіліс депутаты Ш.Нұрымов, «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінің мүшесі А.Б.Шардинов, Алматы қалалық Мәслихатының депутаты И.І.Байрамуков, Алматы қалалық Мәслихатының депутаты М.Хасенов шақырылды. Көлік саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаған аудан әкімі В.Устюгов:

«Көлік саласында өздеріңізге жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып келесіздер. Еңбекке деген құлшыныстың арқасында автокөлік мекемелері тұрақты әрі тоқтаусыз жұмыс істеп, жолаушылар тасымалы қызметін ойдағыдай атқаруда. Осындай ел игілігі үшін жасалып жатқан қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін», – деді В.Устюгов.

Құттықтау сөзінен кейін аудан әкімі В.Устюгов көлік жүргізу саласында көп жылдар бойы жемісті еңбек етіп,дамуына үлкен үлес қосып келе жатқан бір қатар қызметкерлерді, сонымен қатар аталған мерекеге орай көлік қызметкерлері арасында өткізіліген шағын футбол турнирінің жеңімпаздарын мақтау грамоталары және естелік сыйлықтарымен салтанатты түрде марапаттады.

Мерекелік шара ҚР еңбек сіңірген әртістері және Алматы қалалық теміржолшыларының шығармашылық ұжымының концерттік бағдарламасымен жалғасты. 



07.08.2017