A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚР «Әкімшілікрәсімдер туралы» Заңының тиімділігі

Жеке тұлғаның мемлекетке қатысты құқықтық қорғау формаларының бірі жеке қолданыстағы қабылданған құқықтық актілерді сотқа дейінгі, яғни әкімшілік тәртіпте шағымдану болып табылады. Сотқа дейінгі шағымдану белгілі бір уақытты талап ететіні сөзсіз. Арызды қараудың жалпы мерзімі он бес күнтізбелік күнді құрайды. Жеке бір жағдайларда қарау мерзімі отыз күнтізбелік күнді құрайды, ол мерзім тағы отыз күнтізбелік күнге созылуы мүмкін (ҚР «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңы және ҚР "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы" Заңы). Егер әкімшілік арыз нәтижеліболса, онда жеке тұлға сот процесіненқұтылады.

          Сонымен қатар, сот шешімін орындау мемлекеттік органмен айтарлықтай созылуы мүмкін, себебі мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның шешімін заңсыз деп танығанмен соттың, пайда болған көпшілік-құқықтық қатынаста мемлекеттік орган, жергілікті атқарушы орган қабылдауға міндетті шешімнің мазмұнын сот актісінде көрсетуге құқығы жоқ (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Соттардың Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі 27-тарауының нормаларын қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысының 28 тармағы). Сәйкесінше, мүдделі тұлға мемлекеттік органның жаңа актіні қабылдау жолымен осы сот актісінің орындалуын күтеді. Ал әкімшілік шағымдану тәртібінде жоғары тұрған мемлекеттік органда немесе лауазымды тұлғада аталған өкілеттіктер бар. Әкімшілік шағымдану рәсімі сот қарауынан жеделірек. Осылайша, әкімшілік шағымдану арқылы сот ісін болдырмау істі айтарлықтай жылдамдатудың құқықтық мүмкіндіктерін ашады.

          Қорытындылай келе «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңы мен Әкімшілік іс жүргізу кодексінің жаңа редакциясын қабылдағаннан кейін азаматтардың мемлекет істерін басқаруға қатысуының конституциялық құқығы, мемлекеттік органдарға жүгіну құқығы, және де сот қорғауына құқығы айтарлықтай толық іске асырылатынын атап өткен жөн.

 

                                                                                  Алматы қаласы Әділет департаменті

                                                                                   Зияткерлік меншік құқықтары

                                                                                   бөлімінің бас маманы

                                                                                   Е.И. Шайхадинов

16.11.2018