A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Кино әлеміндегі жас жұлдыздар қолтаңбасы

Еуразия кеңістігіндегі мәдениеттің ошағына айналған, мыңжылдық тарихы бар әсем қала Алматымызда 12 – 17 жастағы мектеп оқушылары арасында «Қазақстан балалары шекарасыз әлемде» атты І қалалық кинофестиваль өткізілді. Кинофестивальді ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоспарына сәйкес Алматы қаласы Білім басқармасының мемлекеттік тапсырысы бойынша Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының тікелей қолдауымен «№7 Оқушылар үйі» ұйымдастырып - өткізді.

           

 Мақсаты: киноиндустрия саласындағы жас таланттарды анықтау, оларға кәсіби бағыт-бағдар беру және қолдау. Жеңімпаздарды кинофестивальдің республикалық турына қатыстыру. Кинофестиваль «деректі фильм» , «ойынды кино», «STOP-MOTION», «әлеуметтік жарнама, әлеуметтік ролик», «анимация», «видео-арт», «музыкалық фильм» аталымдары бойынша өтті және оған 21 оқушының жұмысы қатыстырылды. «Керім- ай» сән студиясы «Тау тәжілі – шаһарым» қойылымымен фестиваль шымылдығын ашты. Кинофестивальға қатысушы жас таланттарға Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының ректоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор – Нүсіпжанова Бибігүл Нұрғалиқызы, «Кино және ТВ» факультетінің доценті, режиссер, актер - Болат Қалымбетовтей өнер майталмандары ақ батасын беріп, ақ жол тілесе, «Театр өнері» факультетінің аға оқытушысы Еслам Нұртазин мен кино және театр саласының дарынды жас актері Асылхан Төлеповте жүрекжарды тілегін арнады. 

           

 ҚР халық әртісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет» орденнің иегері - Нұрғали Нүсіпжанов ағамыз, Алматы қаласы Білім басқармасының «Рухани – адамгершілік тәрбие және өзін – өзі тану» бөлімінің басшысы - Тау Нүргүл, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, атақты кинорежиссер, киносценариші «Кино және телевизия» факультетінің профессоры Сатыбалды Нарымбетов сынды өнер саңлақтары мен білім саласының жанашырлары қалалық кинофестивалдің лентасын қиып , жас таланттардың кино өнері жолындағы тұсауларын кесіп, алғашқы шығармашылық қадамдарына сәттілік тіледі.

           

 Қалалық кинофестивальдің жүлделі орындарынын үміткер қарлығаш туындыларға ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясы «Кино және ТВ» факультетінің профессоры Манабай Д. К. «Кино және ТВ» факультетінің деканы, доцент Мурсалимова Г.А., «Кино және ТВ» факультетінің доценті Намазбеков Н.К. «Кино және ТВ» факультетінің доценті Байғожина А.М., «Кино және ТВ» факультетінің аға оқытушысы, Бакеева М. Қ. сынды әділқазылар құрамы төрелік жасады.

          

 Екі күнге созылған додалы байқаудың нәтижесі бойынша кино әлемінің жас жеңімпаздары анықталды: • «Ең үздік ойынды кино» аталымын - №84 мектептен Қуандықова Толғанайдың «Мен бақытты баламын» атты туындысы; 

• «Ең үздік видео-арт» аталымын - №52 мектептен Халина Маргарита «Чисто Мэн» кинотуындысы; • «Ең үздік деректі кино» аталымын - №84 мектептен Сугиралиева Самал «Заманның зардабы» туындысы; 

• «Ең үздік анимация» аталымын - № 85 мектептен Егоров Богданның «Пасха» атты туындысы; 

• «Ең үздік әлеуметтік жарнама, әлеуметтік ролик» аталымын - №84 мектептен Болатов Дәуреннің «Әкеме айтқым келеді...?» туындысы; 

• «Ең үздік STOP-MOTION» аталымын - №84 мектептен Абдувалиева Дильназдың «Семинар» атты туындысы;

• «Ең үздік музыкалық фильм» аталымын - №46 гимназиядан Пономарёва Анастасияның «Азизбенд» атты туындысы; 

• « Үздік ойынды кино» аталымын - №84 мектептен Тұрдығазы Ұланның «Ата – ананың айнасы» туындысы; 

• «Үздік музыкалық кино» аталымын - №84 мектептен Болатқан Фаризаның «Өмір жалғасады» туындылары иеленді. 

«Бұлақ көрсең – көзін аш» демекші театр және кино өнері саласында жас өрендерге кәсіби бағыт – бағдар беріп, білгенін ерінбей үйреткен өз мамандығының қас шебері Рахимбаева Асель Самалбекқызы сынды жетекшіден сабақ алған «Толағай» драма театр өнерпаздары бұл бәйгеде оза шауып, өзге үзеңгілестерінен оқ бойы алда шықты. Егоров Богдан өзге қарсыластарына қарағанда кино саласына ерте бет бұрған жасөспірім. Оның «Пасха» атты анимациялық кинотуындысы кәсіби түсірілімімен әрі тың идеясымен аға буын киногерлерді таңқалдырды. Жас таланттар берілген аз уақытқа қарамай, күні – түні орасан үлкен еңбектің ащы терін төгіп, бір сәт өздерінің бала қиялдарына еркіндік беріп, үлкендерше қиын да қызықты сүрлеуді артқа тастап, өнер әлемінің биік шыңын бағындырғанда өздерін конематаграфия саласының жарық жұлдыздарындай сезінді. Қуаныш пен шаттық салтанат құрған көктемнің шуақты күні Ұлттық Өнер Академиясының қара шаңырағында дүркіреп өткен «Наурыз» мейрамымен тұспа – тұс келіп, өнер ордасының киелі сахнасында қазақ жұртшылығына танымал беделді өнер қайраткерлердің қолынан «Жас Шәкен жұлдыздары» статуетін алғанда бала қуанышынан асқан бақыттың жоқ екендігіне дүйім жұрт көз жеткізді. Күні кеше ғана еліміздің түкпір – түкпірінде «Театр» күні аталып жатқанда, «Сан қырынан танылған өнер қырандарының қанаттары талмай, өнер жолында биіктен көріне берсін!», - деген Сатыбалды Нарымбетовтей өр тұлғаның дуалы аузынан шыққан аталы сөзінен қанаттанған жас киногерлер Шымкент қаласында өтетін ІІ республикалық шығармашылық кинофестивальға жолдама алды. Сапарларың сәтті болсын, дарынды жастар! 

                                      «№7 Оқушылар үйі» әдістемелік бөлім меңгерушісі Саржезденова С.И.

26.09.2017