A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Түрксіб ауданы әкімінің тұрғындармен есептік кездесуінде тұрғындар тарапынан келіп түскен түйткілді мәселелер
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Түрксіб ауданы әкімінің тұрғындармен есептік кездесуінде тұрғындар тарапынан келіп түскен түйткілді мәселелер

Түрксіб ауданы әкімінің тұрғындармен есептік кездесуінде тұрғындар тарапынан келіп түскен түйткілді мәселелер

туралы ақпарат

 

Аудан әкімі бекіткен тұрғындармен есептік кездесудің желілік кестесіне сәйкес 2017 жылдың 13 ақпаны мен 17 ақпаны аралығында Түрксіб ауданы тұрғындарымен 5 есептік кездесу өткізілді.   

Аудан әкімі өзінің баяндамасында  2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысын шығарып, 2016 жылы қалалық бағдарламалар аясында  нақты өткізілген іс-шаралар мен орындалған жұмыстар туралы баяндады.

Аудан әкімнің есептік кездесулеріне 1550 адам қатысты.

Тұрғындардан 56 сұрақ келіп түсті.

- 19 мәселе қоғамдық көлік тасымалдау жұмыстары, жол белгілерін орнату, бағдаршам, жаяу жүргінші өткілдері, жеңіл көліктерге тұрақ орындарын ұйымдастыру, аялдамаларды қалпына келтіру, аудандағы алыс аумақтардан 13,16 в/г, РВ-90,  Остроумова, Нижняя Пятилетка, көшелерінен Маяк, Жас Канат, Әлмерек, Колхозшы, Кайрат шағынаудандарынан қала орталығына дейін қатынайтын жаңа қоғамдық көлік маршруттарын жүргізу, сондай-ақ №1,2,16,41,51 автобус маршруттарын қалпына келтіру мәселесін көтерді.

- 16 мәселе коммуналдық сипаттағы:су-газ-жылумен жабдықтау, жеке секторларға газ жүргізу, «Жас Қанат» шағынауданы мен қосылған кенттерге су құбырлар желілерін жүргізу мәселелері, көпқабатты үйлер тұрғындарының күрделі құрылыс жұмыстарының түбіртікке қойылған ақыларына наразылығы, ескі үйлерді бұзу, балалар және спорт алаңының құрылысы.

-12 мәселе аудан аумағын көріктендіру, жол жөндеу, адамдар өміріне қауіп төндіретін апаттық ағаштарды кесу, көшелер мен аулаларды жарықтандыру, арық желілерін жөндеу.

-3 мәселе әлеуметтік сипаттағы денсаулық сақтауға қатысты, мүгедектер мен зейнеткерлерге тұрмыстық қызмет төлем ақыларына жеңілдік қарастыру және ауданда өткізілетін іс-шаралар туралы;

-4 мәселе өнеркәсіп ұйымдарының қызметі, Нижняя Пятилетка ауданында банк филиалын ашу туралы.

-2 мәселе қоғамдық құқықтық тәртіпке қатысты, учаскелік полиция инспекторларының жұмысы, криминогендік жағдайды болдырмау үшін бос тұрған үйдің иесіне шара қолдану мәселесі көтерілді.

Аудан әкімінің тұрғындармен есептік кездесуін өткізу кезінде                      7 мәселе шешілді, 49 мәселе бойынша түсініктеме берілді (32 сұрағына жазбаша түрде түсініктеме беріліп, 17 сұрағы уәкілетті органдарға жіберілді). Қажеттілігіне қарай өтініштер тиісті орынға шығып қаралды. Барлық мәселелер бақылауға алынды.

Есептік кездесулерде Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Н.Е.Әбдрахим, Алматы қаласы Маслихат депутаттары, қалалық құрылымдылық бөлімшелердің өкілдері, аудан қызметтерінің басшылары, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер өкілдері, аудан тұрғындары, зейнеткерлер қатысты.

         Іс-шаралар «Қазақстан», «Алматы» телеарналарымен,  «Казахстанская правда», «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерімен жариаланды.

         Есептік кездесулерде әкімге түбегейлі экономикалық, әлеуметтік және саяси сипаттағы ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ.

 

 

20.02.2017