A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Аудан әкімінің тұрғындар алдындағы есептік кездесуінің қорытындысы

Есептік кездесу кезінде 78 адам сауал қойды. Тұрғындардан жалпы 129 сұрақ түскен,олардың ішінде 15 хат Қазақстан Республикасының Президентіне және Алматы қаласы мен Түрксіб ауданының әкіміне айтылған алғыс хаттар.

Есеп беру кезінде түскен қалған 114 сұрақтың:

- 49 сұрақ коммуналдық сипатта: су-газ-жылу жабдығы,жеке үйлерге газ жүргізу,су құбырлары және кәріз жүйелерінің құрылысы. Аудан тұрғындары үшін ең өзекті мәселе орталықтандырылған кәріз жүйесінің жоқтығы.

Жас Қанат ықшам ауданының тұрғындарынан жеке меншік үйлер үшін су құбырлары жүйесінің құрылысы бойынша шағым түскен. Ауданға жаңа қосылған аумақта инженерлік коммуникацияның құрылысы, тұрақсыз электржабдығы, сондай-ақ жер телімдерінің құқықтық құжаттары жөнінде сұрақтар көтерілді. Көп пәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындары ПИК жұмыстары(Отау Комек, Сейпа) және балалар және спорттық алаңының құрылысының мәселесі де қозғалды.

- 25 сұрақ қоғамдық көлік, жол белгілерін, бағдаршам және жаяу жүргіншілер жолағын, мектеп маңына жылдамдықты азайту белгісін орнату, көліктер үшін тұрақтарды ұйымдастыру сұрақтары болды.

-22 сұрақ ауданды көріктендіру,жолды асфальттау, апатты болып тұрған ағаштарды кесу және қырқу,аулаларды жарықтандыру, Майлин көшесіндегі аспалы көпірдің жарығын және лифтісін жөндеу, жерасты өткелінің тазалық мәселесі болды.

- 8 сұрақ әлеуметтік сипатта болды, коммуналдық қызмет төлемі бойынша,денсаулық сақтау,аудандағы еңбек ардагерлері,мүгедектер,зейнеткерлер үшін жүргізілетін іс-шаралар жөнінде;

- 8 сұрақ қоғамдық тәртіп, учаскелік полиция инспекторларының жұмыстары туралы болды;

- 2 сұрақ тұрмысы аз қамтылғандарға асхана ашу және газет сататын дүңгіршектерді қайта орнату мәселелері қозағлды.

Кездесудің қорытындысы бойынша көтерілген мәселелерді шешу бойынша іс-шара жоспары құрылды.

Аудан әкімінің есептік кездесуі барысында 4 сұрақ шешілді, 86 сұрақ бойынша түсініктеме берілді (29 сұраққа жазбаша түрде,57 сұрақ уәкілетті органдарға жіберілді), 24 сұрақ қарастырылуда. Барлық сұрақтар бақылауға алынған.

     

 

 

12.02.2018