A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Түрксіб ауданы бойынша 2012-2018 жылдарға арналған мүгедектердің өмірін жақсарту және құқығын қамтамасыз ету жөніндегі ҚР Іс-шара жоспарын орындау туралы ақпарат
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Түрксіб ауданы бойынша 2012-2018 жылдарға арналған мүгедектердің өмірін жақсарту және құқығын қамтамасыз ету жөніндегі ҚР Іс-шара жоспарын орындау туралы ақпарат

«Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңын орындауда қалалық әлеуметтік қолдау,жұмыспен қамту,медициналық мүгедектікті алдын алу, әлеуметтік,кәсіби сауықтыру және мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылымдарға кіруіне мүмкіндік жасау бойынша 2013 жылы төлқұжаттауды жүргізу және ұйымдатыру бойынша әкімдіктің жауапты қызметкерлері және білім бөлімі, аудандық медицина бірлестігі,сәулетші, МСҚ инспекторынан құралған жұмыс комиссиясы құрылды.      Жауапты қызметкерлердің  мүгедектердің әлеуметтік нысандарға пандуспен емін-еркін кіруіне мүмкіндік жасау мақсатында жүргізген шара барысында бірқатар нысандарда мұндай мүмкіндіктер жақсы жасалғандығы анықталды. 

Жыл сайын мүгедектер және мүмкіндігі шектеулі балалар арасында 200 адамды қамтитын дартс, шашка, оқ ату, шахмат, жеңіл атлетика, суда жүзу және пауэрлифтинг сияқты спорт түрлерінен спартакиадалар өткізіліп тұрады. 

№7 Оқушылар үйінде мәдени-бұқаралық іс-шаралар,мүмкіндігі шектеулі балалар мен оқушылардың қатысуымен  «Жұлдызай» және  «Жан шуағы» атты шығармашылық фестивалі, мерекелік концерттер өткізіліп тұрады. 

Әлеуметтік және инфрақұрылымдағы жұмыс істеп тұрған нысандарды төлқұжаттандыру қалалық жоспарын жүзеге асыру аясында мүгедектер үшін кіріп шығу мүмкіндігін сақтау бойынша 45 нысанның 22 нысанына төлқұжаттау жұмыстары жүргізілді.

 Жол картасы -2020 бойынша ағымдағы жылы тендерге сәйкес №44 мектеп-гимназиясы және №65 бала-бақшасының ғимаратына күрделі жөндеу,сейсмокүшейту, №85 ЖБМ қосымша құрылыс жүргізу (спорт залы және шеберхана) үшін жұмыстар басталды.
09.06.2015