A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қазақстан балалары шексіз әлемде» ІІІ-ші қалалық кинофестиваль - байқауы

Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың кезекті Жолдауындағы «2019 жыл – Жастар жылы» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоспарына сәйкес Алматы қаласы Білім басқармасының мемлекеттік тапсырысы бойынша Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының тікелей қолдауымен №7 Оқушылар үйінің ұйымдастыруымен 02 сәуір 2019 жылы Алматы қаласы мектеп оқушылары арасында«Қазақстан балалары шексіз әлемде» атты ІІІ-ші қалалық балалар кинофестивалі өтті.  

Мақсаты: киноиндустрия саласындағы жас таланттарды анықтау, оларға кәсіби бағыт-бағдар беру және қолдау. Жеңімпаздарды кинофестивальдің республикалық турына қатыстыру.

Киноиндустрия саласындағы жас таланттарды анықтау, оларға кәсіби бағыт-бағдар беру және қолдау, жеңімпаздарды кинофестивальдің ІІІ-ші республикалық турына қатысуына жол ашу мақсатында кинофестивальға «Деректі фильм», «Ойынды кино», «STOP-MOTION», «Әлеуметтік жарнама, әлеуметтік ролик», «Анимация», «Видео-арт», «Музыкалық фильм», «Киножурнал», «Ералаш»аталымдары бойынша жылдан жылға аясы кеңіген байқауға бақ сынауға 37 оқушының кинокартинасы қатыстырылды.

Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының алаңында өткен дәстүрлі шара биыл да әдеттегідей қатысушы жас таланттардың қызыл кілем үстімен жүріп Т.Қ.Жүргеновтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюымен басталды.

Жас ұрпақты ізденістерге жетелеп, өнер жолының маңыздылығы мен мағынасын түсіндіріп, келешегінен үміт күттірер «жас кино жұлдыздары» деп қарап, іс- шараға үлкен мән берген қонақтар: Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының ректоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, PhD докторы Маемиров Асхат Максимұлы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Алматы Ақшамы» газетінің журналисті – Рая Ескендір, кинорежиссер - Болат Калымбетов, Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты, актер - Өтепберген Аян, Кинорежиссер - Эмир Байгазин, Кинорежиссер, магистрант - Дархан Төлегеновтер жас таланттардың кино өнері жолындағы алғашқы шығармашылық қадамдарына сәттілік тілеп ақ баталарын берді.

Кинофестивальдің ашылу салтанатында Т.Жүргенов академиясының алаңында «Өрлеу» домбырашылар ансамблі, «Әйкерім» бишілер ансамблі және «Керім-ай» сән студиясы «Аманат» қойылымын көрсетіп, үміткерлерге қанат бітіргендей ерекше көңіл – күй сыйлады.

«Қазақстан балалары шексіз әлемде» ІІІ-ші қалалық балалар мен жасөспірімдер кинофестиваліне қатысушы туындыларды «Кино және ТВ» факультетінің жоғарғы білікті оқытушыларынан құралған әділқазылар алқасы бағалады : Әділқазылар алқасының төрағасы: ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясы «Кино және ТВ»   факультетінің профессоры - Манабай Дамир Кабекеевич, алқа мүшелері: Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясы «Кино және ТВ» факультетінің деканы, өнертану кандидаты, доцент- Мурсалимова Гульнар Амангелдіқызы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор – Әбілдина Ғайнижамал Байкәрімқызы, аға оқытушы - Абельдинов Адай Құнанбайұлы, аға оқытушы - Алхаров Оңғарбек Есенбайұлы, PhD докторы, аға оқытушы - Сорокина Юлия Владимировна, аға оқытушы, режиссура магистрі – Бакеева Мадина Қайратжанқызы төрелік жасады.

Фестивальдің ашылу салтанатының соңында ұйымдастырушыларқонақтар мен қазылар алқасын «Ұлыстың ұлы күні» - Наурыз мерекесіне» арнап жайылған ақ дастарқаннан дәм татуға шақырды.

Байқауға түскен фильмдерді көріп қазылар алқасы талқылап, әділ шешімін шығарғаннан кейін фестивальдің жабылуы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының оқу театрында салтанатты түрде өтті.  

Байқаудың нәтижесі бойынша кино әлемінің жас жеңімпаздары: «Ойынды кино»аталымы «Несмотря ни на что» - Яровицын Глеб, Кистанов Кирилл; Деректі кино «Best place» - Белецкий Сергей; «Әлеуметтік жарнама, әлеуметтік ролик» аталымы «Өмір» - Мұрат Шерхан; Анимация аталымы «Аяла» - Жармағамбет Балауса; Видео-арт «Молодым везде дорога» - Папандопуло Элени, Наликашева Элина; Музыкалық клип «Онлайн» - Қайратқызы Шұғыла; Ойынды кино «Мы все нуждаемся в любви и понимании» - Рожкова Анастасия; Ералаш «Переполох» - Шумаев Данил; Әділқазылардың арнайы сыйлығы Әлеуметтік ролик «Люби, цени и благодари!» - Ибдимин Сабина.

Жас киногерлерге берілген бір ай уақыттың ішінде, күні – түні орасан үлкен еңбек етіп, бір сәт өздерінің бала қиялдарына еркіндік беріп, идеяларын, ойларын біріктіріп өнер әлемінің биік шыңын бағындырғанда өздерін кинематография саласының жарық жұлдыздарындай сезінген жасөспірімдерге ұйымдастырушылардың атынан «Стелла» кәде сыйымен және Алматы қаласы Білім басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Кинофестиваліміздің жүлдегерлері 7- 8 маусым күндері Қостанай қаласында өтетін ІІІ Республикалық «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» фестиваліне жолдама алды.

Жас таланттарымызға ақ жол, шығармашылық табыс және сәттілік тілейміз!



 

 

«№7 Оқушылар үйі» бұқаралық бөлім меңгерушісі

Бадан Жанат Дәнебайқызы

03.04.2019