A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • ҚР Тұңғыш Президенті күніне және Тәуелсіздіктің 25-жылдығына орай мерекелік іс-шара өткізілді
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚР Тұңғыш Президенті күніне және Тәуелсіздіктің 25-жылдығына орай мерекелік іс-шара өткізілді

ҚР Тұңғыш Президенті күніне және Тәуелсіздіктің 25-жылдығына орай мерекелік  іс-шара өткізілді

Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне және Тәуелсіздіктің 25-жылдығына орай мерекелік  іс-шара өткізілді.  Шаңырақ көтерген жас отбасылары мен жастарға үлгі болатын дәстүрлі шараға аудан әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Л.Мақашева, Түрксіб ауданының ІІБ ЖПҚ ӘЗЗҚТ инспекторы полиция капитаны Б.Байтұғұлова,Алматы қалалық іскер әйелдер ассоциациясының орынбасары Б.Ж.Ботаева және тағы басқалары қатысты.  

Салтанатты шарада үйлену тойы,тұсау кесер,тіл ашар, күміс тойы жасалды. Отбасы –мемлекеттің негізі.  Дәл осы күні Дәулетханұлы Кенжебек пен Ерікқызы Жұлдыз заңды некеге тұрып,неке куәліктерін алды. Одан кейін аяғын тәй-тәй басқан Жұматай Айша Ернатқызының тұсауы кесіліп,шашу шашылды.  «Тұсау кесер»-  -бала аяғын тәйә-тәй басқанда жасалатын думанды дәстүр. Ел арасында «тұсауы кесілмеген бала көп сүрінеді, көп жығылады»  деген наным бар. Тұсау кесу дәстүрі  ұл балаға да,қыз балаға да жасалады. Жақсы ниетті ырымдарға сай шөппен, ала жіппен,малдың тоқ ішегімен тұсау кеседі.

3. Келесі салт- дәстүр  «Тілашар тойы». Бұл күні  мектеп табалдырығын жаңа аттаған  Зунун Зере Оразқызын  АХАТ бөлімінің басшысы Ж.Дүйсембаева салтанатпен құттықтап, естелік сыйлығын тапсырды.

4. Дәл осы күні Сәкен және Салтанат Ержановтар отбасы   шаңырақ көтергендеріне 25-жыл толған ,яғни өздерінің күміс тойларын атап өтті. 


02.12.2016